КӨШЕ БОЙЫНДАҒЫ ТЕМІР ҚОРШАУЛАР – КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНА КЕДЕРГІ КЕЛТІРУДЕ
Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасына «Фарматека», «Мобиком» ЖШС мен жеке кәсіпкерлер «Жаппасбаева К», «Бектемірова Р», «Янтарь», «Саниевадан» қаладағы А.Тоқмағамбетов көшесінің бойына орналастырылған темір қоршауларға қатысты ұжымдық арыз түсті. Ол кәсіпкерлік кеңесінің кезекті отырысында талқыланды.
Қаладағы А.Тоқмағамбетов көшесінің бойындағы аялдамалардың алды темірмен қоршалған. Арызда көше бойындағы қоршаулардың қоғамдық көліктен түскен тұрғындарға жаяу жүргіншілер жолына өту кезінде, сондай-ақ, бұл жағдайдың жол бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандарына да кедергі келтіріп отырғандығын жеткізген, делінген кәсіпкерлік палатасы баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аталмыш көше бойында 50-ден астам кәсіпкерлік нысандары орналасқан. Кәсіпкерлер палатасымен бұл мәселені зерттеу барысында Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» Заң талаптарының бұзылғандығы анықталды, яғни қауiпсiздiк ережелері сақталмаған.
Отырыста кеңес мүшелері бұл мәселеге қатысты кәсіпкерлердің ғана емес, азаматтардың да құқығы бұзылып отырғандығын анықтады. Нәтижесінде прокуратура органдарына қоршаулардың орналасу заңдылығын анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізіп, тиісті шешім шығаруға ұсыным берді. Бұл мәселе кеңестің қатаң бақылауында болмақ.