ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ АЙМАҚТАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІП, ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРУДЕ
Өткен жылы Кәсіпкерлер палатасына 152 өтініш түсіп, оның 119-ы немесе 78 пайызы оң шешілсе, биылдың өзінде түскен 18 өтініш бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сұраныстар жолданып, қаралуда.
Кәсіпкерлерден түсетін өтініштердің басым бөлігі жер, мемлекеттік сатып алу, рұқсат беру рәсімдері мен салық мәселелеріне қатысты.
Биылғы жылдың өзінде Кәсіпкерлер палатасының ықпалымен құқығы қорғалған кәсіпкерлердің бірі – Қазалы ауданының кәсіпкері Гүлмира Қирабаева. Өз кәсібін 2013 бастаған ол өткен жылы Қазалы қаласындағы № 16 мектептің ғимаратын жалға алып буфет ашқан. Кәсіпкердің келісім-шарт мерзімін ұзарту туралы өтінішін мектеп директоры қанағаттандырмай, ескертусіз орнына өзге адамды алған. Құқығы аяқасты болған Гүлмира Қирабаева Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалына арызданып келген болатын.
Кәсіпкерлер палатасы аудандық прокуратурамен бірге мәселені талқылап, нәтижесінде кәсіпкердің құқығы дер кезінде қорғалып, келісім-шарт мерзімі ұзартылды.
«Менің мәселемнің жедел әрі сапалы шешілуіне ықпал еткені үшін Кәсіпкерлер палатасына айтар алғысым шексіз. Өз кәсібін жүргізуде қиындыққа кездесіп жүрген өзім секілді кәсіпкерлерді Кәсіпкерлер палатасынан көмек алуға шақырамын», - дейді өз бизнесін жалғастыруға мүмкіндік алған кәсіпкер Гүлмира Қирабаева.