КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында өңірлік кеңестің кезекті XXI отырысы өтті, - деп хабарлайды кәсіпкерлік палатасының баспасөз қызметі.
Кеңесте кәсіпкерлікті дамытуға арналған Жол картасының жобасы талқыланды.
Ерекше атап өткен жөн, экономиканың маңызды секторы – кәсіпкерлік саласын өсіру, өркендету және нығайтуды көздейтін Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесі палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдесуде.
Кеңес құрамын қалыптастыруда кәсіпкерлердің мүдделерін білдіретін қауымдастықтар мен кәсіпкерлер барынша қамтылды.
Бүгінгі таңда өңірлік кеңес құрамында шағын және орта бизнес, құрылыс индустриясы, агроөнеркәсіптік кешен, жүйе құраушы және қала құраушы (системообразующих и градообразующих) секілді 4 сектор жұмыс жасайды. Кәсіпкерлік нысандары бойынша кеңес құрамына шағын және орта кәсіпкерліктің 9, ірі кәсіпкерліктің 7, бизнес қауымдастықтың 3, барлығы 19 кәсіпкер енгізілді. Ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлерді және олардың бастамаларын қолдау мақсатында Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандарында аудандық кәсіпкерлер кеңестері құрылды. Аталмыш кеңес құрамына 10, 12 кәсіпкерден енгізілген, төрағалары сайланған.
Өткен жылы Кеңестің 20 отырысы болып, онда 45 мәселе талқыға түсті.
Жалпы, кеңес жұмысының нәтижесімен «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы құрылды. Сондай-ақ, индустриалдық аймақты дамыту тұжырымдамасы әзірленіп, «2020 жылға дейінгі облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың Жол картасы» бекітілді. «Сервис және қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлер Қауымдастығы» құрылып, оның аясында Қызылорда индустриалды-техникалық колледжін әріптестік басқару енгізілді. Облыс әкімдігімен әріптестік жөніндегі Меморандумға қол қойылды. «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020», «Агробизнес - 2020» және өзге де мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу тиімділігіне тұрақты түрде мониторинг жасалады.
Өңірлік кеңес мүшелері тек қана кеңес жұмысымен ғана шектеліп қалмай, қаржы ресурстарына қатысты мемлекеттік қолдаулар туралы аудандарға, елді мекендерге шығып түсіндірме жұмыстарын жүргізуге де атсалысуда.