ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨҢІРЛІК КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН БРИФИНГ ӨТТІ
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелері Өңірлік кеңестің отырысының алдында Астанада өткен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ІІ Съезіне қатысты брифинг өткізді.
Ағымдағы жылғы 27 қаңтарда Астана қаласында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ІІ Съезі өткен болатын. Аталмыш Съезге Қызылорда облысынан Өңірлік кеңестің 4 мүшесі – Асқар Махамбетов, Қайрат Боранбаев, Аралбай Қозбақов, Қанағат Сақтағанов делегат болып қатысты.
Брифингте Съезд делегаттары Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы жаңа өзгерістермен және жаңалықтармен бөлісті.
Атап айтқанда, Өңірлік кеңес мүшесі Қайрат Боранбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлермен төленетін міндетті мүшелік жарналарға өзгерістер енгізілгендігін айтты.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, Съезге міндетті мүшелік жарна төлейтін субъектілердің ішінде қосымша саралау жұмыстарын жүргізіп, әр санат бойынша міндетті мүшелік жарнаның көлемін анықтау құқығы берілді.
Өткен жылы кәсіпкерлер міндетті мүшелік жарнаны төлеуде 160 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) және 4400 АЕК көлемінде төлейтін болып 2 санатқа бөлінетін. Міндетті мүшелік жарнаға қатысты республика бойынша кәсіпкерлерден түскен ұсыныстарды ескере келе Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Съезге ұсыныстарын жеткізіп, Съезде міндетті мүшелік жарнаға қатысты өзгерістер енгізілді.
Бұдан былай орта бизнес, яғни жылдық жиынтық табысы алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын және бір жарым миллион еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік субъектілері үшін төлейтiн мiндеттi мүшелiк жарна мөлшерi 50%-ға, ал iрi бизнес субъектiлерi - жылдық жиынтық табысы бір жарым миллион еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын кәсіпкерлік субъектілері үшін 89%-ға төмендедi.
2015 жылға дейін қолданылып келген механизм бойынша холдингтік компанияларға қатысты жеңілдік қарастырылмаған болатын.
Осы ретте, Съезде дауыс беретін акциялардың 50 %-дан астамын тікелей немесе жанама иеленетін холдингтік компаниялар бойынша міндетті мүшелік жарнаның көлемін 25 %-дан 50 %-ға дейін азайту және қызметкерлерінің 51 %-ын мүмкіндігі шектеулі азаматтар құрайтын ұйымдар мүшелік жарна төлеуден босату туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, Қ. Боранбаев қазақстандық кәсіпкерлер қоғамдастығының мүддесін Еуразия экономикалық комиссиясында тиімді қамтамасыз ету үшін съезд делегаттарымен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ресей Федерасциясында өкілдігін ашу туралы шешім қабылданғандығын да жеткізді.
Съезге Қызылорда облысынан қатысқан делегаттардың бірі, Өңірлік кеңес мүшесі Қанағат Сақтағанов Съезде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атауын өзгерту туралы шешім қабылданып, бұдан былай Палата - «Атамекен» Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып аталатындығын хабарлады.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі