ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КОДЕКСТЕРГЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында Қазақстан Республикасының «Салық Кодексіне» және «Кеден кодексіне» енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы кәсіпкерлерді кеңінен ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік құрылымдар мен салалық қауымдастық өкілдерінің және кәсіпкерлердің қатысуымен семинар өткізілді.
Семинардың модераторы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер бойынша орынбасары Дархан Мырзалиев.
Шара барысында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Совет Бабанаев 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Салық» Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырушылар бойынша, атап айтқанда ауыл шаруашылығын пайдаланушыларға арналған арнаулы салық режимдеріндегі өзгерістер, жекеленген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым, айыппұл мен өсімпұлға амнистия, бақылау-касса машиналарын қолдану, дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарын оңайлатылған тәртіппен тоқтату мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшылары Кеңескүл Стамбекова мен Қуаныш Айтбаев, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда филиалының директоры Гүлназ Шарапат қосылған құн салығынан енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық салу саласына қатысты өзгерістер мен толықтырулар, Кеден Одағының «Майлайтын материалдарға, майларға және арнайы сұйықтықтарға арналған талаптар туралы» техникалық регламенті туралы айтып берді.
Сонымен бірге, семинар барысында кәсіпкерлер салық және кеден саласына қатысты өздерін толғандырған өзге де сұрақтарға жауап ала алды.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі