КЕҢЕСТІҢ ТИІМДІ ЖҰМЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ 450 МЛН.ТЕҢГЕСІН САҚТАУҒА МҮМКІНДІК БЕРДІ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі бүгінде кәсіпкерлердің қорғаушысына айналды.
Мәселен, өткен жылы кеңесте қаралған маңызды мәселелердің нәтижесінде қызылордалық кәсіпкерлердің 450 млн.теңгесі өз «қалталарында» қалды.
Атап айтқанда, өңірдегі «Кеден Service» ЖШС кеден органдарымен берілген 350 млн.теңгеге салықтық қарызын, өсімпұлын өтеу туралы ескертудің заңдылығына қатысты, сондай-ақ «Асар» және «Сарыбұлақ» ЖШС-тері «ҚазТрансГазАймақ» АҚ облыстық филиалының табиғи газды тұтынғаны үшін ұсынған шотының заңдылығына қатысты шағымданып келген болатын.
Бұл мәселелер Кеңес отырысында қаралып, кеңес қорытындысымен Кәсіпкерлер палатасына сотта аталмыш кәсіпкерлердің мүддесін қорғау жөнінде шешім қабылданды.
Кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерінің атқарған жұмысының нәтижесінде Қызылорда облысының мамандандырылған экономикалық соты кеден органымен ұсынылған 350 млн.теңгеге қатысты ескертуді кері қайтару, кеден органының лауазымды адамдарына тәртіптік шара көру жөнінде, екінші мәселе бойынша ұсынылған шотты 78,3 және 96 пайызға дейін азайту туралы шешім шығарды.
Мұнан өзге, Кеңесте кәсіпкерлердің заңды құқығын шектеген «КРЭК» АҚ-на қатысты мәселе де қаралып, нәтижесінде энергиямен жабдықтаушы мекеменің кәсіпкерлерге қатысты талаптарына облыстық прокуратурамен наразылық білдіріліп, мекеменің ережесіндегі кәсіпкерлердің құқығына шектеу қоятын тармақтарына тиісті өзгерістер енгізілді.
Айта кету керек, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі 2014 жылғы 22 қаңтарда құрылды. Кеңес құрамында кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік қауымдастықтарының, БАҚ-ның өкілдері мен заңгерлер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері енгізілген.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі