БУХГАЛТЕРЛЕР КЛУБЫ БІЛІКТІЛІКТІ КӨТЕРЕДІ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы бухгалтер клубына күн өткен сайын сұраныс артуда. Алты ай бұрын құрылған клуб осыған дейін 7 отырысын өткізді. Алғашында 3-4 есепшімен өткізілген отырысқа қатысушылар бүгінде 40-50-ге дейін жетті.
«Клубты құрудағы мақсат кәсіпкерлерге ісін жүргізуде әдістемелік көмек көрсету. Бизнесті жүргізуде бухгалтердің қызметі ең басты рөл атқарады. Есепшілерсіз мекеменің жұмысын елестету мүмкін емес. Жұмысты дұрыс жолға қою үшін үздіксіз өзгеріске еніп отырған саладағы нормативтік-құқықтық құжаттар туралы хабардар болып отыру қажет. Осы ретте, клуб отырысына әрдайым қатысып, әріптестік қолдау көрсетіп отырған Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мамандарына ерекше алғыс айтқым келеді. Департамент мамандарының арқасында кәсіпкерлік субъектілерінің есепшілері салық саласындағы жаңалықтардан уақытылы хабардар болып отыр», - дейді кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.
Бухгалтер клубы ашылғалы кәсіпкер-есепшілерге Салық Кодексіне енгізілген өзгерістер, электронды шот-фактураны енгізу тәртібі, ақпараттар жүйесіне тіркелу, 1С жүйесінде электронды түрде алынған электронды шот-фактураларды толтыру тәртібі, алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларына енгізілген өзгерістерге қатысты түсіндірмелер берілді. Клуб отырысында спикерлік қызметті Мемлекеттік кірістер департаменті мен «Қазақтелеком» АҚ Қызылорда филиалы, «Сауда технологиялары» ЖШС мамандары жүргізіп келеді.
Бухгалтерлер клубының кезекті отырысы биылғы жылдың 5 қаңтарында өткізілді. Отырыста 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне енгізілген өзгерістер, 1С бағдарламасы мен салықтық есептерге қатысты өзгерістер түсіндірілді.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі