124 ЖОБАҒА 771 МЛН.ТЕҢГЕ
Өткен жылы Қызылорда облысында шағын және орта бизнесті қолдау мақсатындағы «Микробизнес Қызылорда» жобасы нәтижелі жүзеге асты.
- 2015 жылдың соңында «Атамекен» ҰКП мен облыс әкімдігі қол қойған келісім негізінде аймақта 300-ден астам тұрғын жұмыспен қамтылды. Бұл жерде облыс әкімдігі мен «Атамекен» әріптестік негізде жұмыс жасап 360 және 300 млн.теңгеден бөлді. Негізі «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы кәсіпкерлерді қаржыландыру жұмыстары 2015 жылы басталған болатын. Ол кезде облыстық әкімдік бастаманы пилоттық режимде жүзеге асырды. Бастама өзінің нәтижелілігін көрсетуде, - дейді кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов..
Жалпы аймақта ауыл кәсіпкерлерін қолдайтын қаржы ұйымын құру бастамасын 2014 жылы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі көтерген болатын. Тың бастаманы аймақ басшылығы қолдап, жоба жүйелі түрде іске аса бастады.
Бастаманың нәтижелілігі туралы Өңірлік инвестициялық орталық директоры Самат Ерниязов та айтып отыр. «Облыс әкімінің тапсырмасымен 2015 жылы Өңірлік инвестициялық орталыққа 360 млн.теңге бөлінген болатын. Бөлінген қаржыға жалпы 56 жоба қаржыландырылып, жаңадан 223 жұмыс орны ашылды. Жобаның артықшылығы несиелендіру барысында басымдық ауыл кәсіпкерлеріне беріледі. Несие алушылардан қаржының қайтымы да көңіл қуантады. Мәселен, 2016 жылы Өңірлік орталық арқылы жалпы құны 771 млн.теңгені құрайтын 124 жоба қаржыландырылып, жаңадан 440-тан астам жұмыс орны ашылды. Аталмыш жобалардың 58-і «Атамекеннен» бөлінген ақшадан қаржыландырылса, 52-сі облыстық бюджеттен, 14-і 2015 жылы несие алушылардан қайтқан қаржы негізінде несиелендірілді. Яғни бүгінде несие алушылар қаржыны уақытылы қайтарып отыр», - дейді Самат Ерниязов.
«Микробизнес Қызылорда» жобасы мен үшін кәсібімді өркендетуге мүмкіндік берді. Өзім бұрыннан жиһаз жасаумен шұғылданатынмын. Өткен жылы Өңірлік орталық арқылы 2,6 млн.теңге алдым. Қазір жиһаз цехына қажетті құрал жабдықтарды алып жатырмын. Шағын кәсібімді демегені үшін «Атамекенге» айтатын алғысым шексіз. Жоба биыл да жалғасын табады деген сенімдемін», - дейді жалағаштық кәсіпкер Әділбек Әбдіқанов.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі