КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИАЛОГ АЛАҢЫНА АЙНАЛДЫ
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов жыл қорытындысына арналған шарада палатаның диалог алаңына айналғанын атап өтті. Өткен жылы қала мен аудандардағы кәсіпкерлерді қолдау орталықтары жұмысы негізінде Палатаға келген 5995 азаматқа 12257 кеңес берілді, 1710 кәсіпкерге сервистік қызмет көрсетілді.
«Әсіресе аймақта «Бизнес мектеп» компонентіне сұраныс жоғары», - дейді Палата басшысы – «1007 қызылордалық «Бизнес-кеңесші» оқу курсынан, 120 азамат «Бизнес-Өсім», 65 адам «Жобалық оқыту» бағдарламаларынан өтті. Нәтижесінде жалпы құны 888,7 млн.теңге тұратын 186 жоба қаржыландырылды».
Палатаның жанынан «Бухгалтерлер клубы», «Заңгер кеңесі» клубы құрылды. Мұнымен қоса, аудандар мен қалада «Прокурор кабинеттері» ашылды.
Мұнан өзге, өткен жылы 200-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалып, бизнес өкілдері 200 млн.теңгеге жуық қаржысын сақтап қала алды.
«Айта кету керек, қазір аймақтағы кәсіпкерлер Палата заңгерлерінің біліктілігін жоғары бағалауда. Бұған біздің заңгерлеріміздің соңғы кезде сот процестеріне жиі қатысып, бизнес өкілдерінің қорғаушысы ретінде қызмет көрсетіп жүргендігі дәлел. Біздің заңгерлермен көрсетілетін қызметтердің барлығы тегін екенін ескерсек, бұл кәсіпкерлер үшін қаржылық тұрғыдан тиімді», - дейді Ғалымбек Жақсылықов.
Кәсіпкерлер палатасы өткен жылы ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру шарасына да белсенді қатысып, өз үлестерін қосты. Облыс бойынша құрылған 114 ауыл шаруашылығы кооперативінің 11-і Палатаның қолдауымен құрылды.
Оның үстіне 2016 жылы ауыл шаруашылығы саласы мамандарының біліктілігін арттыруға да аса мән берілді. Агроқұзыр орталығымен бірге облыста 33 оқыту семинары өткізілді. Шараның маңыздылығы сонда – мамандар шет елдерден шақыртылды.
Палата мамандарының сүйемелдеуімен республикалық «Сауда үздігі - 2016» конкурсына қатысқан «Арай» спорттық-сауықтыру кешені 2-орынға, Шиелі ауданындағы «Әбдіманап» базары 3-орынға ие болды.
Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП-ның ұйымдастыруымен өткен «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары - 2016» республикалық көрме-байқауында Қызылорда облысынан «Сыр маржаны» ЖШС-і «Атамекеннің» арнайы тағайындаған «Іскер - 2016» сыйлығына ие болды.
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі