КӘСІПКЕРЛЕР ЖЫЛДЫ НӘТИЖЕЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі жылды қорытындылады. Кеңес төрағасы Асқар Махамбетов пен Палата директоры Ғалымбек Жақсылықов бизнес өкілдерін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, экономиканың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар кәсіпкерлерді марапаттады.
Жиында «Аль-Асад» ЖШС директоры Төреғали Шанкерейге, «Монтажспецстрой» ЖШС бас директоры Рая Үдербаеваға, «К-GroupЛТД» ЖШС-нің басқарма төрағасы Қайрат Боранбаевқа және «Озық» ЖШС директоры Анатолий Сергеевке «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» медалі табыс етілді.
«ҚазГерМұнай» БК» ЖШС бас директорының орынбасары Медет Кәрім, «DALATEX» ЖШС директоры Ділмұхамед Абизов, «РЗА-Агро» ЖШС директоры Нұрлан Имандосов және «Т-Т Құрылыс сервис» ЖШС басшысы Темір Бисенбаев «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Мұнан өзге, Өңірлік кеңес мүшесі ретінде облыстың іскер азаматтарына кәсібін жүргізуде қолайлы жағдай жасауға айтарлықтай үлес қосқан Кеңес мүшелерінің де еңбегі атап өтілді.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі