КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ҮЗДІКТЕРДІ МАРАПАТТАДЫ
Бүгін Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында аймақта кәсіпкерлік саласының дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар сала өкілдері марапатталды.
Ең алдымен шараға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтаған Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов: «Осыдан 25 жыл бұрын Тәуелсiздiк туын көкке көтердiк. Азаттық алған Қазақстан мемлекетiн төрткүл дүние таныды. Туған тiл төрге шығып, төл теңге айналымға түстi. Көкте көк байрақ желбiреп, әнұран қалықтады. Елтаңба елдiгiмiздi айшықтады. Ырысты ынтымақ пен бейбiтшiлiк аясында Сыр елi де жарқын жетiстiктерге жеттi. Аймақтың абыройы артып, даму жолындағы өрiсi өркен жайды. Бұл — тәуелсiздiк тартуы, қуатты мемлекетiмiздiң мәртебелi жемiсi. Бүгін біз мерейлі мереке қарсаңында, жылды қорытындылау қарсаңында сіздермен кездесуді жөн санап отырмыз», - дей келе құрылымның жыл көлемінде жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті.
Атап, айтқанда жыл көлемінде қаладағы және аудандағы Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары мен қызмет көрсету орталығы кеңесшілерінің жұмысы негізінде барлығы 5068 азаматқа 11249 кеңес берілді, 1584 кәсіпкерге 1584 қызмет көрсетілді. Аймақта 1007 қызылордалық «Бизнес-кеңесші» оқу курсынан, 120 азамат «Бизнес-Өсім», 65 адам «Жобалық оқыту» бағдарламаларынан өтті. Нәтижесінде жалпы құны 888,7 млн.теңге тұратын 186 жоба қаржыландырылды.
Биылғы жылы ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру шарасы белсенді жүргізілді. Бұл шарада да Палата қызметкерлері өз үлестерін қосты. Облыс бойынша жұмысын бастаған 114 ауыл шаруашылығы кооперативінің 11-і палатаның сүйемелдеуімен құрылды.
Оның үстіне биыл ауыл шаруашылығы саласы мамандарының біліктілігін арттыруға да аса мән берілді. Облыста мамандармен бірлесе 33 оқыту семинары өткізілді. Шараның маңыздылығы сонда – мамандар шет елдерден шақыртылды.
«Жалпы қысқаша айтқанда жылды осындай нәтижемен қорытындылағалы отырмыз. Бұл жұмыстардың барлығы Сіздермен бірге атқарылған жұмыстардың нәтижесі деп білемін. Бүгін осы ауқымды жұмыстарға қосқан үлестеріңіз үшін Сіздерге алғысымызды білдіреміз», - деген Палата директоры аймақта кәсіпкерлік саласында еңбек ете отырып, облыстың ғана емес, ел экономикасының дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкерлерді, бизнестің дамуы үшін қолайлы экономикалық, құқықтық жағдай жасап жүрген мемлекеттік органның мамандарын, кәсіпкерлердің бастамалары мен жетістіктерін ақпараттандырып, насихаттап жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін марапаттады.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі