КӘСІПКЕРЛЕР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесі бүгінде бизнес өкілдерінің мәселесін жедел шешуге мүмкіндік беретін диалог алаңына айналды. Құрамына кәсіпкерлермен бірге мемлекеттік органдар, прокуратура қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен қоғамдық пікір көшбасшылары енетін кеңес жылды нәтижелі қорытындылады.
Бұл туралы Палата директорының орынбасары - Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі Уәкіл аппаратының Қызылорда облысы бойынша сектор меңгерушісі Дархан Мырзалиев айтып берді. Бір ғана биылғы жылдың өзінде өткізілген бес кеңес отырысында 13 мәселе қаралып, оның 70 пайызы оң шешілген. Нақты айтқанда, 50 кәсіпкердің құқығы қорғалған.
Соның ішінде сала өкілдеріне ортақ 3 мәселенің оң шешілгенін ерекше атап өткен жөн.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына бірнеше кәсіпкерлерден өтініш түскен болатын. Онда кәсіпкерлер жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту барысында кадастрлық құнды төлеуге қатысты мәселеге кезіккенін баян еткен болатын. Палата заңгерлері мән-жайды зерттеу барысында жергілікті атқарушы орган жер қатынастарына қатысты қаулыны шығару барысында жер иесіне қаулы тіркелген күннен бастап 1 ай мерзім ішінде кадастрлық құнды төлеуді міндеттейтіндігін анықтады. Бұл жерде ескеретін мәселе, жер учаскесінің кадастрлық құны Қызылорда қаласында жердің орналасқан орнына және көлеміне қарай 2 млн.теңгеге дейін баруы мүмкін. Бұл қаржыны кәсіпкерлердің, әсіресе, шағын кәсіп иелерінің 1 ай көлемінде бірден төлеуі мүмкін емес. Аталмыш мәселе кеңесте қаралып, оң шешімін тапты. Кәсіпкерлер аталмыш қаржыны кезең-кезеңімен төлейтін болды.

Бизнес өкілдері арасында резонанс тудырған келесі мәселе – «Энергосервис» ЕЖШС-не қатысты. Энергия таратушы аталмыш мекеме кәсіпкерлердің келісімінсіз электр энергиясын төлеуге қатысты дифференциалды тарифті енгізіп бұйрық шығарған. Бұл шешім кәсіпкерлерге ауыр тигендіктен кеңес мүшелері құжаттың заңдылығын зерттеп, мәселе бизнес өкілдерінің пайдасына шешілді.
Соңғы кезде алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензия төңірегінде даулы мәселе көп. Бірнеше кәсіпкер кірістер органына лицензияларын кері табыстағанына қарамастан, кірістер басқармасы лицензиялық алым төленбеген деген желеумен, бизнес өкілдерін сотқа бірген. Мәселе Кеңесте қаралып, 5 бірдей кәсіпкердің мәселесі бір сәтте шешілді. Нәтижесінде кәсіпкерлердің 2 млн.435 мың теңгесі үнемделді.
Кеңестің қорытынды отырысында Палата директорының орынбасары Дархан Мырзалиев Кеңес мүшелеріне жыл көлемінде атқарған жұмысы мен белсенділігіне алғысын білдіріп, марапаттады.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі