ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕР 25 ҮЗДІК ҚАТАРЫНДА
Үстіміздегі жылғы 7 желтоқсанда Алматы қаласында «Легенды казахстанского предпринимательства» атты кітаптың тұсаукесері өткізіліп, оқырманға жол тартты.
Аталмыш жинаққа өз кәсібін 90-шы жылдары бастап, бүгінде табысқа жеткен еліміздің үздік 25 кәсіпкері енгізіліп отыр. Сол үздік 25-тің қатарында қызылордалық Ерлан Раимов та бар.
Тоқсаныншы жылдары Қызылорда қаласында мейрамханалар, қоғамдық тамақтану орындары санаулы ғана еді. Осы салада алғаш кәсіп бастаған Ерлан Раимовтың «Қыз Жібек» мейрамханасы алғаш рет 1995 жылы келушілерге қызмет көрсете бастады. Ол кезде мейрамхана қызметкерлерінің саны да шектеулі еді. Тура 2 жылдан кейін «РАИМ» ЖШС құрылды.
Бүгінде қаладағы Д. Қонаев көшесінің бойында орналасқан 250 орындық банкет залы бар «Қыз Жібек» мейрамханасы, «Қорқыт ата» әуежайы ғимаратында орналасқан «Қыз Жібек - 2» мейрамханасы мен «Ақмешіт-Сырдария» мешіті аумағындағы 600 орындық асхана халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді.
Ерлан Раимовтың мейрамхананың ас мәзірін дәстүрлі тағамдарға негіздеуінің өзі ұлттық асхананы насихаттауға қосқан үлес деп білеміз.
Айта кету керек,«Легенды казахстанского предпринимательства» жинағының авторы Алматы Менеджмент Универитетінің президенті Асылбек Қожахметов.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі