«СЫР МАРЖАНЫ» ЖШС «ІСКЕР - 2016» СЫЙЛЫҒЫН ИЕЛЕНДІ
«Атамекен» ҰКП-ның ұйымдастыруымен өткен «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары - 2016» республикалық көрме-байқауында Қызылорда облысынан «Сыр маржаны» ЖШС «Іскер - 2016» сыйлығына ие болды.
Айта кету керек, шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Үкімет басшысы, сондай-ақ сала жетекшілері мен еліміздегі бизнес өкілдері қатысты.
1999 жылы жұмысын 35 адаммен бастаған «Сыр маржаны» бүгінде Қазалыдағы «Ақтан батыр» ауылының тұрғындарын толық жұмыспен қамтып отыр. Серіктестік күріш өсіру және өңдеумен айналыса отырып, аймақтың ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосып отырған ірі компаниялардың бірі.
Алғашқы жылдары компания 350 гектар жерге өнім ексе, бүгінде оның көлемі 2100 гектарға жетті. «Кубань», «Ақмаржан», «Новатор», «Лидер» сынды күріш сорттарын егетін «Сыр маржаны» сағатына 5 тонна күріш өңдейтін зауыт салды. Күрішті тек ішкі нарыққа ғана емес сонымен қатар Ресей, Украина, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан елдеріне шығарып отырған компания өнім сапасының ерекше мән береді.
Компания 2006 жылдан бері мал шаруашылығымен де айналысып келе жатыр. Көрші Атырау облысынан алынған 500 асыл тұқымды қой саны бүгінде 3 есеге өсті.
Қызылордалықтар үшін компанияның әлеуметтік салаға қосып жатқан үлесін үлкен мақтаныш. Серіктестік басшысы Мінажадин Өтеев жыл сайын халықтың әлеуметтік әлсіз тобына қаржылай 2 млн.теңгеден астам қаржы бөліп, ардагерлер мен балалардың тынығу орындары мен демалыс лагерлеріне баруына жағдай жасап келеді. «Ақтан батыр» ауылындағы компанияның 2 қабатты ғимаратынан балабақша ашылды. Сонымен қатар, серіктестік Шәкен ауылынан 100 орындық мәдениет үйі мен Әйтеке би кентінен ардагерлер үшін арнайы ғимарат салып берді.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі