КӘСІПКЕРЛЕР «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» ПОЙЫЗЫНЫҢ ДЕЛЕГАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Кеше «Тәуелсіз Қазақстан» Пойызы» жалпы республикалық акциясының делегаттары Қызылордаға келді. Делегаттардың бірі – «Атамекен» ҰКП-ның қызметкері Данияр Сыдықов Кәсіпкерлер палатасында болып, бизнес өкілдерімен кездесті, сауалдарына жауап берді.
Айта кету керек, кездесу барысында қызылордалық кәсіпкерлер «Микробизнес Қызылорда» жобасының жалғасын тапқанын қалап, өтініш білдірді. Мұнан өзге, Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қожахмет Ілиясов бизнес өкілдері үшін жағымды жаңалықпен бөлісті – келесі жылдан бастап Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы «бір терезе» қағидасы аясында толықтай жұмыс жасайтын болды, яғни Палатаға келген кәсіпкерлер енді қалақұрылысы саласындағы рұқсат беру құжаттарын Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан алу мүмкіндігіне ие болуда.
Сондай-ақ, кездесу аясында «Атамекен» тарапынан келесі жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысқысы келген кез келген азаматты басынан бастап жобасы жүзеге асырылып кеткенше толық сүйемелдеу жүргізетін жобаны енгізіліп жатқандығы айтылды.
Кәсіпкерлер тарапынан қызығушылық танытқан саланың бірі ауылшаруашылығы болды. Бұл ретте кездесуге қатысқан облыстық аулы шаруашылығы басқармасының бастығы Бақыт Жаханов саладағы тың жаңалықтармен бөлісті. Атап айтқанда, қазір облысымызда жан-жақты маркетингтік зерттеу жүргізілген ауылшаруашылығы саласының картасы әзірленуде екен. Бұл құжат алдағы уақытта сала кәсіпкерлеріне қандай өнім өндіру керек, қайда шығару керек сынды толық жауап беретін болады. Кездесу бұдан әрі пікір алмасуға ұласты.
Жалпы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай елімізде 1 айдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» республикалық акциясы өтіп жатыр.
Акция аясында 43 күнде 35 елді мекенді аралау көзделген екен. Республикалық шараның мақсаты – Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді халықпен бөлісу, шалғайдағы ағайынның рухын көтеріп, қазақстандықтарды мазалаған мәселелерге назар аудару.
Поезд делегациялары: мәжіліс депутаттары, түрлі құзырлы орган өкілдері, дәрігерлер мен заңгерлер мінген пойыз аялдаған станцияларда дәрігерлік көмек көрсетіліп, қоғамдық қабылдаулар, консультациялық кеңестер және түрлі қайырымдылық шаралар өткізіледі.