ШЕТ ЕЛ МАМАНДАРЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА БОЛДЫ
Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың және бір түрі шет мемлекеттен білікті мамандар тартып, оң тәжірибелерді енгізуге көмек көрсету.
Нақтырақ айтқанда, «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында Қызылорда облысының кәсіпкерлер Палатасы жыл басынан «Іскерлік байланыстар» құралы мен «Аға сеньорлар» компонентіне құжаттар қабылдаған болатын. Бүгін біз «Аға сеньорлар» компоненті бойынша айтпақпыз.
«Аға сеньорлар» компоненті қатысушыларға басқарудың жаңа әдістерін енгізу, өндіріс технологиялары, құрал-жабдықтар мен персоналды оқыту мәселелері бойынша тікелей өндірісте кеңес беру үшін нәтижелі жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті шетел мамандарын тартуға бағытталған.
Биыл аталмыш компоненттің әлеуетін қызылордалық үш кәсіпкер пайдалана алды. Олар қазалылық «Сыр маржаны» ЖШС, қызылордалық «Абзал және К» ТС мен «Қызылорда Құрылыс НК» ЖШС.
Қазалы ауданында болған канадалық Uwe Foehring есімді сарапшы-маман өңірдегі «Сыр маржаны» ЖШС-де болып, кәсіпкерге топырақты өңдеу мәселесіне қатысты тәжірибесімен бөлісті. Ол жергілікті дихандардың қолданып отырған тәсілдеріне жоғары бағасын берді.
«Канададан Қазақстанға келгендегі мақсатым ауыл шаруашылығы саласы бойынша тәжірибе алмасу болатын, яғни біздің пайдалы тұстарымызды сіздермен бөлісіп, сіздердің оңтайлы шыққан тұстарыңызды өзімізге алу. Осы сапарымда «Сыр маржанында» болып мал бордақылау, күріш егу процестерімен таныстым. Өз кеңестеріммен бөлістім», - дейді шетелдік сарапшы маман.
Жалпы «Аға сеньорлар» компонентін кез келген кәсіпкер пайдалана алады. Оның талаптары мынадай:
- компонентке бағдарлама аясында экономиканың басым секторларында өз қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілері қатыса алады;
- компонент бойынша шетелдік сарапшыларды тарту шығындары республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады;
- шетелдік сарапшылардың ұшақпен келу және қызметтеріне ақы төлеу шығындары республикалық бюджет есебінен өтеледі;
- сарапшының Қазақстанда болуымен байланысты шығындарын, атап айтқанда, жүріп-тұруы, тұрғын үй жалдауы, тәуліктік ақылары, аудармашы қызметтері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жеке есептерінен жүзеге асырылады.
Ниет білдірген кәсіпкерлер болса Кәсіпкерлер палатасына хабарласуларына болады.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі