«АБЗАЛ ЖӘНЕ К» «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ТӨСБЕЛГІСІНЕ ҮМІТКЕР
Құрметті қызылордалықтар және достар! Осы жылдың қараша айынан бастап «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Ұлы дала елі» шатырлы брендін пайдалану құқығын беру үшін арнайы байқау жариялаған болатын.
Байқау барысында өтінім білдірген компанияларға барып, танысу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде байқау комиссиясы республика бойынша 6 компанияны таңдап алып, онлайн дауыс беруге шығарды.
Сыр елі үшін қуанышты жаңалық – аталмыш 6 компанияның бірі қызылордалық «Абзал және К» ТС-і. Осы ретте, жерлестер, достар, Сіздерді «Абзал және К» компаниясына қолдау көрсетіп, дауыс берулеріңізді сұраймыз.
Ол үшін мына сілтемені пайдаланыңыздар: https://docs.google.com/forms
«Ұлы дала елі» шатырлы брендін беру байқауы үздік тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер үшін өз тауарын сыртқы нарықтарда ұсынуға шығу кезеңі болып табылады. Ендеше біздің «Абзал және К» - бұл брендке лайық бірден бір компания екенін дәлелдейік.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі