ТАЛАП АРЫЗ ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛУСЫЗ ҚАЛДЫ
Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым бойынша 2016 жылға 212 000 теңгені өндіру туралы талап арызбен облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінеді. Алайда кәсіпкер бұл жайтпен келіспей отыр. Палатада кәсіпкер мәселенің мән-жайын түсіндіріп берді. Алтынбек Аитбаев 2013 жылы алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алып, жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебіне тұрған. Аталмыш лицензия Қызылорда қаласындағы Ақмешіт мөлтек ауданы, 23 үй, 46 «А» пәтер мекен-жай бойынша тіркелген. Алайда кәсіпкер 2014 жылы жоғарыда аталған мекен-жайда орналасқан дүкенді жалға беруіне байланысты 2016 жылдың мамыр айында лицензияны мемлекеттік кірістер органына тапсырып, тіркеу есебінен шығады. Ал лицензия үшін алым сомасын 2015 жыл үшін уақытылы төлейді. Дегенмен, Кірістер органы 2016 жылға да төлем жасауын талап етіп, нәтиже болмаған соң сотқа 212 000 теңгені өндіру туралы талап арызбен жүгінеді.
Мәселені жіті зерттеген Палата заңгерлері сотта кәсіпкердің мүддесін білдіріп, қорғаушы болады. Бұл туралы сотқа қатысқан Палата заңгері Аида Қаюпова:«Лицензия үшін алым сомасын төлеу бойынша салықтық міндетін орындау мерзімі ҚР Салық кодексінде 20 шілде болып белгіленген, мұнымен қоса аталмыш нормативтік-құқықтық акті бойынша салық салу объектісі – лицензия болып табылады. Демек, кәсіпкердің лицензия үшін алым соммасын төлеу бойынша салықтық міндетін орындау мерзімінің басталуына дейін (20 шілде) салық салу объектісі іс жүзінде болмауына байланысты лицензиялық алым үшін төлем жүргізуге негіз жоқ. Біз сотта осыны айтып, талап арызды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрадық. Нәтижесінде сот процесі кәсіпкердің пайдасына шешіліп, Алтынбектің 212 000 теңгесі өзінде қалды», - деді.
Айта кету керек, сотқа талап арыз әзірлеу, процеске қатысу сынды қызметтердің барлығы кәсіпкерге Палата тарапынан тегін көрсетілді