ҚЫЗЫЛОРДА: 738 МЛН.ТЕҢГЕ, 120 ЖОБА, 401 ЖҰМЫС ОРНЫ
«Микробизнес Қызылорда» жобасы қызылордалық кәсіпкерлерге тың кәсіп түрлерін игеріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беруде. Мәселен, биылғы жылдың өзінде аталмыш жоба аясында ауыл кәсіпкерлерлерінің жалпы құны 738,5 млн.теңгені құрайтын 120 жобасы қаржыландырылып, 401 жаңа жұмыс орны ашылды.
«Атамекен» мен облыс әкімдігінің бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Микробизнес Қызылорда» жобасының шапағатын көріп отырған кәсіпкерлердің бірі қазалылық Әбдір Боранбай. «Бірлік» ауылының тұрғыны Әбдір Боранбай мал шаруашылығымен айналысқанына 4-5 жылдың көлемі болды. Мал бағып, оны ауыл тұрғындарына етке өткізіп отырған. Бұл істің тиімділігін түсінген кәсіп иесі мемлекеттік бағдарлама көмегімен кәсібін дөңгелетуді жөн көрген. 80 гектар жері, жылқысы, сиыры бар меншік иесі мал бордақылау алаңын салуды жоспарлайды.
Бұл туралы ол: «Кәсіпкерлер палатасының аудандағы филиалына жүгініп, өңірлік инвестициялық орталық арқылы несие алу мүмкіндігінің бар екендігін білдім. Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы бизнес-кеңес берді, бизнес-жоспар жасауға көмектесті. Барлық құжат дайын болғаннан кейін биыл орталық арқылы 8 млн.теңге несие алып, малға жайлы қора салудамын. Құрылысы жақын күндері бітеді», - дейді.
Кәсіп иесінің мал азығын дайындауға арналған арнайы техникасы да бар. Сондықтан малдың қыста жейтін шөбін дайындап та қойған. Ендігі жоспары сүт бағытында да жұмыс жасап, кәсіп ашу. Сүт өндіру үшін ол Ақтөбе облысынан арнайы ірі қара, сүтті ақбас сиырын да сатып алды. Жерсінсе тағы да әкелу ойында бар. Мұнымен қоса, кәсіпкер алдағы уақытта бие байлап, қымыз өндіру ісін де қолға алмақшы.
Айта кету керек, облыстағы бір ғана Қазалы ауданында биылғы жылы 323 кәсіпкер тіркелсе, «Микробизнес Қызылорда» жобасы аясында жалпы құны 130 млн.теңге болатын 22 жоба қаржыландырылған.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі