АРАЛДЫҚТАР ШАҒЫН КӘСІППЕН БЕЛСЕНДІ АЙНАЛЫСУДА
Ұлттық Палатаның басты міндеті – кәсіпкерлер қауымдастығын біріктіру арқылы билікпен диалог алаңын құру және кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау болып табылады.
Бұл туралы Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Арал ауданының кәсіпкерлерімен есепті кездесу барысында айтты.
Жиында Арал ауданы кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Қадырхан Еңсепов 2016 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды баяндап берді.
Жалпы Арал ауданында 2016 жылдың 10 айында 3844 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, 5605 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 268 бірлікке ұлғайып, 263 адамды жұмыспен қамтыған. Өткен жылы ауданда «Бір терезе» қағидасы аясында кәсіпкерлерді қолдау орталығы ашылып, жұмыс жасап келеді. Осы тұрғыда кәсіпкер болуға ниетті 1378 аудан тұрғындарына 2440 кеңесі беріліп, сервистік қызмет бойынша 508 кәсіпкерге көмек көрсетілді.
- Айта кететін бір жайт мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грантық қаржыландырумен 2015 жылы Жеке кәсіпкер Шынахметов Рахымжан Пеноблок өндірісі жобасы бойынша 2 млн теңге көлемінде қайтарымсыз қаражат жеңіп алса, 2016 жылы жеке кәсіпкерлер Сексенбаев Нұрбек пен Әленова Айсәуле 1 млн теңге көлемінде қайтарымсыз қаражатқа қол жеткізді, - Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Арал ауданындағы филиал директоры Қадырхан Еңсепов келер жылға да жас кәсіпкерлеріміздің тың жобалары зерттеліп, ұсынатын боламыз деді кезесу барысында.
Аудан кәсіпкерлеріне қол жетімді қаржы институтының бірі ол-Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының «Эко даму», «Кәсіпкер», «Мурабаха» және «Жұмыспен қамту» бағдарламмалары арқылы 2015 жылы жалпы сомасы 126,6 млн. теңге болатын 42 жоба бойынша аудан кәсіпкерлері қаражат алса, 2016 жыл басынан бері жалпы сомасы 224,10 млн. теңге болатын 73 жоба бойынша кәсіпкерлер немесе жұмыссыз азаматтар қол жеткізіп, өз кәсіптеріп ашып кәсіпкерлікке тіркеліп өзін және басқада жұмыссыз аудан тұрғындарын жұмыспен қамтуда.
Ауданға инвестиция тарту көзінің бірі – туризм саласы болып отыр. Қамбаш көлі жағалауынан демалыс аймағына берілген 2 гектар жер учаскесі 2 жыл мерзімге Қамыстыбас селолық тұтыну кооперативіне жалға беріліп, кәсіпкерлер кооперативпен тиісті шартқа отырып, демалыс аймағына 80-ге жуық нысан салып демалушыларға жағдай жасауда. Жалпы жазғы демалыс маусымында Қамыстыбас демалыс аймағына 70 мыңнан астам демалушылар келіп тынығады.
Сонымен қатар, Қамыстыбас демалыс аймағын дамыту үшін 1 гектар жер теліміне белгілі кәсіпкер Мінажадин Өтеев қаржы салып, бір типті 10 демалыс үйінің құрылыс жұмыстарын бітіріп демалушыларға ұсынуда.
Сонымен қатар, Аудан территориясынан өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында 3 жол маңы сервистік қызмет көрсету нысандарын орналастыру жоспарланса, оның 1-і өткен жылы іске асырылды. Осы жолдың 1358 шақырымында орналасқан жеке кәсіпкер Жандаулетовтың «Батыс-Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің Арал қаласына кіре беріс тұсында «В» санатты жол бойы сервис кешенін салу» жобасы аяқталып нысан жолаушыларға қызмет көрсетуде.
Қазіргі таңда, ЖК Ұзақованың «С» санатты сервистік қызмет көрсету жобасының құрылысы жүргізілуде. Жоба құны – 90,0 млн. теңге, жаңа жұмыс орындарымен іске қосылу кезінде 15 адам қамтылатын болады. Жобаны 2016 жылдың қараша айында іске қосу жоспарлануда. Дәл осындай тағы бір нысан келесі жылы пайдалануға берілетін болады.
Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов: «Ұлттық Палатаның басты міндеті – кәсіпкерлер қауымдастығын біріктіру арқылы билікпен диалог алаңын құру және кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау болып табылады. Палата – мемлекет пен кәсіпкерлер арасында терезесі тең серіктестікті нығайтуға бет бұрып, серпін береді»-деді аралдық кәсіпкерлермен кездесу соңында.
Сонымен қатар, кездесуде Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, Арал ауданының кәсіпкерлерінің қол жеткізген жетістіктеріне ризашылығын білдіріп, болашақта атқарылатын жұмыстарына сәттілік тіледі.
Кәсіпкерлер палатасының басты бағытының бірі кәсіпкерлердің құқығын қорғау. Осыған сәйкес кәсіпкерлердің билік пен құзыретті органдарға сенімділігін арттыру және олармен қарым- қатынасты ңығайту мақсатында ағымдығы жылдың тамыз айында аудандық кәсіпкерлер палатасының ғимаратынан Прокурор кабинеті ашылып, аудан прокуроры және аудан прокуратура прокурорлары жеке қабылдау жұмыстарын жүргізіп келеді. Сонымен қатар Аудандық кәсіпкерлер палатасының бақылаушы органы ретінде аудандық кәсікерлер кеңесі құрылып, оған экономиканың нақты секторындағы, ауданнан беделді кәсіпорындардың басшылары мен депутаттары белгіленді.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі