ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 22 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Қазалы аудан кәсіпкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы Қазалы аудандық филиалының директоры Ермек Аймаханов биылғы жылдың 9 айында 4181 шағын кәсіпкерлік субъектісі есепке алынса, былтырғы жылы 3990 кәсіпкерлік болғанын айтты. Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің 1785-і сауда-саттықпен айналысса, 60-ы ауыл шаруашылығы, 90-ы өнеркәсіп, 31-і құрылыс, 9-ы медициналық қызмет саласында, 647-сі такси жолаушылар тасымалында және жүк тасымалында, 85-і қоғамдық тамақтандыру орындарында, 99-ы үйлерін және көліктерін жалға берумен, 158-і өзге де қызмет түрлерін көрсетеді.
Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына 2016 жылдың басынан 323 жеке кәсіпкер тіркелген. Палата филиалының кеңесшілері кәсіпкерлер мен кәсіпкер болуға ниетті 1048 тұрғынға 3998 мемлекеттік бағдарламалар аясында кеңес берген. Олардың басым көпшілігі – жұмыссыз жас-тар. Сонымен қатар, екі күндік «Бизнес кеңесші» оқу семинары тұрақты өткізіліп, 188 кәсіпкер мен кәсіп ашуға ниетті жандарға арнайы сертификаттар табыс етілді.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру мақсатында, филиал тарапынан Бекарыстан би ауылынан «Мирас», Аранды ауылдық округінен «Кішкене-Ата», Өркендеу ауылынан «Жанкент Ерасыл», Қазалы қаласынан «Бейімбет» кооперативтерінің барлық құжаттары рәсімделіп, Әділет басқармасынан тіркеуден өткізілген. Енді қаржыландыру бағыты бойынша жұмыстар атқарылуда.
Аудан кәсіпкерлеріне қаржы ұйымдары тарапынан 2016 жылдың 9 айында 69 өтініш бойынша жалпы көлемі 452,6 млн теңге, екінші деңгейлі банктер арқылы 12 өтінішке 205 млн теңге несие қаржысы берілген. «Эко-Даму» шағын несиелер беру бағдарламасына Қазалы ауданынан 2014 жылы 10 ауылдық округ енгізілсе, филиал тарапынан 3 ауылдық округті тізімге алу ұсынылып, мақұлданды.
2016 жылға «Атамекен» ҰКП мен облыс әкімдігі арасындағы әріптестік меморандумға сәйкес, «Микробизнес – Қызылорда» жобасына 660 млн теңге бөлініп, сол арқылы 2015 жылы 9 жобаға аудан кәсіпкерлері 45,4 млн теңге алса, 2016 жыл басынан бері 22 жобамен 130 млн-нан астам теңге несие қаражатына қол жеткізген.
Прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі – кәсіпкерлікті қолдау мен олардың құқығын қорғауға бағытталған заңнаманың қолдануын қадағалау. Осы мақсатта аудандық прокуратурамен бірлескен өзара ынтымақтастық пен іс-қимыл туралы іс-шаралар жоспары негізінде меморандум жасалды. Қаражат негізінде бақылау және қадағалау органдарының тарапынан қысымшылықты төмендету, бизнесті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді болдырмау және бизнесті дамытуға қолдау көрсету мақсатында жұмысшы топ құрылып, кәсіпкерлерді құқықтық қолдау жұмыстар ұдайы жүргізіліп келеді.
Бұдан бөлек, Ермек Аймаханов ауданда туризмді дамытуға байланысты қонақ үйлер, мейрамхана-кафелер және туристік нысандарға талдау жасалғанын жеткізді.
Кәсіпкерлікті қолдау аясында аудан көлемінде атқарылған жұмыстар ауқымды. Бұны Қазалы аудандық кәсіпкерлер кеңесінің жұмысы, оның мақсаты туралы баяндаған аудандық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Мінажадин Өтеевтің, кәсіпкерлердің құқықтарын қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтқан аудан прокуроры Ғалым Едігеевтің және Қазалы ауданындағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы туралы сөз алған аудан әкімінің орынбасары Сәбит Бабанаевтың сөзінен толық аңғаруға болады.
Қызылорда облысы кәсіпкерлік палатасының баспасөз қызметі