ЖАҢАҚОРҒАНДА 4 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ
Ендігі міндет - барлық бизнес қауымдастықтың жұмылдырылуын қамтамасыз ету. Ол үшін бізде мүмкіндік бар, себебі заңға сәйкес барлық кәсіпкерлер Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері болып табылады.
Бұл туралы Қызылода облысы кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған ауданындағы филиалы директоры Марлен Нұртазаев кәсіпкерлер алдындағы есепті кездесуінде айтты.
Өңірде кәсіпкерлікті дамыту мақсатында бірқатар ерекше жобалар іске қосылды. Соның бірі Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған ауданындағы филиалында кәсіпкерлікті қолдау орталығы.
Аймақта кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру мақсатында Палатаға кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ бизнестің жүйелі жүргізілуі үшін кәсіпкерлерді заңнамалық және өзге де нормативтік ережелердің қалыптасу процесіне кеңінен қатысуына жағдай жасау міндеттелген.
Осы ретте Жаңақорған ауданының іскерлік және инвестициялық тартымдылығын арттыру, бизнестің дамуы үшін тиісті шаралар қабылдауда.
Қазіргі таңда кәсіпкерлер пралатасының бастауымен кәсіпкерліктің өңірлік даму картасы жасалып интернет желіде бизнес новигатор businessnavigator.kz сайты ашылған. Аталған сайтта республика көлеміндегі барлық ақпаратты табуға болады. Бұл сайт инвестор тартуға және ақпараттар алуға өте қолайлы.
Аудандық филиалда палата жанында аудандық кеңес және кәсіпкерлердің арыз шағымдарын оңтайлы шешу мақсатында прокурор кабинеттері жұмыс жасауда. Кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау кәсіпкерлер палатасы қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады.
Осы орайда, Палатамен тұрақты түрде кәсіпкерлерге кәсіби құқықтық көмек көрсетіліп, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделері жергілікті мемлекеттік, құқық қорғау органдарында және сот отырыстарының барлық сатыларында қаматамасыз етіледі.
Аудандық филиалға жыл басынан бері Палатамен кәсіпкерлерден келіп түскен 8 өтініш қаралып, 4 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.
Кәсіпкерлерден келіп түскен өтініштердің басым бөлігі жер қатынастар салаларындағы жергілікті атқарушы органдардың әрекетіне келеді.
Сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамытудың бір тетігі ол несиелендіру болып табылады. Осы бағытта облыс әкімінің қолдауымен «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС құрылып ауылды жерлерге тиімді қол жетімді несие беруде.
Кеңес беру нәтижесінде Аудандық кәсіпкерлік палатаның сүйемелдеуімен «Өңірлік инвистициялық орталық» ЖШС-ң талабына сәйкес аудан бойынша бүгінгі күнге дейін 65,4 млн теңгеге 16 жоба несие алып өз жұмысын жүргізуде.
Атап айтқанда:
- "Халық тұтынатын монша салу" жобасы ДК "Ақәділ" Искаков Болат
- «СТО» ашу жобасы ИП «Ерназаров» Т.Ерназаров
- Мұхтаров Қанат ИП "Канат жарнама"
- «Дәріхана ашу жобасы» ИП «Ырыс» Р. Шаназарова
- «Төсеніш плиткаларын шығару» жобасы ДК "Асемтас"
- "Жылыжай салу жобасы" ЖК "Жадігер" Мамбетов Ж. т.б. Сонымен қатар, Қызылорда облысындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының «Аймақтық экономикалық даму және тиімді басқару» бағдарламасының операторы, «Бастамаларды қолдау» жобасы арқылы 1, 5 мың теңгеге дейін пайызсыз және кепілсіз 1 жылға несие беру бойынша 5 кәсіпкер қатысып 2 жоба жеңіп алды.
- 2016 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында инновациялық
грант жобасы бойынша 3 жоба (Төменарық а/о «Шаштараз» ашуға 1, 2 мың теңге, Жаңақорған кентінде «Аяқ киім цехын» ашуға 1, 8 мың тг., Сүттіқұдық а/о Шаштараз ашуға 500 мың тг.) және БҰҰ-ның даму бағдарламасы бойынша 1 жоба «Әжетхана қағаздарын шығару» 1 млн, тг. мақұлданды. Ендігі міндет - барлық бизнес қауымдастықтың жұмылдырылуын қамтамасыз ету. Ол үшін бізде мүмкіндік бар, себебі заңға сәйкес барлық кәсіпкерлер Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері болып табылады, - деді Қызылода облысы кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған ауданындағы филиалы директоры Марлен Нұртазаев кәсіпкерлер алдындағы есебінде.
Соның ішінде, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының «Бизнесті сервистік қолдау» бағыты бойынша жыл басынан бері 91 кәсіпкерге қызмет көрсетілді. Қызметтердің ішінде бухгалтерлік есеп жүргізу, заң қызметтері, сондай-ақ бизнес-жоспарлар және мемлекеттік сатып алу қызметі аса жоғары сұранысқа ие. Биылғы жылдың өзінде бизнес-мектеп тарапынан бизнес-кеңесші курсынан 45 адам оқып шықты. Бизнес өсу 8 адам болды. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында 23 ауыл тұрғындары оқып шығып, оның нәтижесінде олар мемлекеттік бағдарламаға қатыса алады.
Аудандық кәсіпкерлер палатасымен өңірде дуальдық оқыту жүйесін енгізу және жүзеге асыру бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен бірге, облысымызда тауар өндірушілерді қолдау мақсатында жергілікті өнімдер каталогын шығару жұмысы жүруде, аталған каталогқа ауданнан 22 өндірушілердің өнімдері ұсынылды.
Қазіргі таңда Палата кәсіпкерлерді құқықтық қорғау, консультациялық-сервистік қолдау, бизнесті дамытуға оңтайлы жағдай жасау үшін талдау жұмыстарын жүргізу, ауданның инвестициялық жобаларын сүйемелдеу, адами капиталды дамыту бағыттары бойынша жұмыстар жүргізуде.
Кәсіпкерлермен кездесу барысында аудан әкімі Ғалым Әміреев жалпы аудан бойынша кәсіпкерліктің кең өріс алып, алға жылжу бар екенін және алдағы уақытта жоғарғы қарқынмен жұмыс жасайтынын айтса, аудан прокуроры Нұрболат Дүйсенбаев кәсіпкер құқығын қорғап Кәсіпкерлер Палатасымен бірлесе жұмыс жасайтынын жеткізді.
Қызылорда облысы Кәсіпкерлер Палатасының баспасөз қызметі