КӘСІПКЕРЛІККЕ – МЕКТЕП ЖАСЫНАН
Қызылорда облысында балалар кәсіпкерлік негіздерін мектепте оқып жатыр.
Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлағандай, облыстық кәсіпкерлер палатасының, облыстық білім басқармасы мен «Жастар жетістігі» қоғамдық қорының бірлескен жұмысының нәтижелерінің бірі – 2016-2017 оқу жылында облыстың 40 мектебіндегі 5-10 сыныптар бағдарламасына «Кәсіпкерлік негіздері» факультативті пәнінің енгізілуі болды.
Бұған Қызылорда қаласындағы №9 мектеп-гимназиясында пилотты жоба аясында атқарылған жұмыстар түрткі болды. Аталған оқу орнына 2014 жылдан бері жаңа оқу пәні енгізілген-ді. Өзге мектептердегі мұғалімдерді әдістемелік даярлау мақсатында 2015 жылдан бастап палата түрлі оқыту семинарларын, біліктілікті дамыту курстарын, бизнес-идеялар жәрмеңкелерін, аукциондар өткізіп келеді.
Облыс мұғалімдеріне арналған кәсіпкерлер палатасы мен облыстық әдістемелік кабинет ұйымдастырған семинар «Кәсіпкерлік негіздері» факультативті пәнін оқытудағы әдістемелердің ерекшеліктері» тақырыбында өтті.
Семинарда түйткітілді мәселелер талқыланып, шеберлік сағаттары мен іскерлік ойындар өткізілді. Өңірлік кәсіпкерлік палата мен «Даму» қорының мамандары семинарға қатысушыларға пайдалы ақпараттар берді.