ОҚУШЫЛАР ӨНДІРІС АЛАҢЫН АРАЛАДЫ
Өңірдегі шина зауыты автокөліктің тозған дөңгелектерін жаңа өнімге айналдырады. Мұндай кәсіпорын елімізде жалғыз тың жоба экономикалық жағынан да экологиялық жағынан да өте тиімді.
Ашылғанына 2 жыл болған «Smart Rubber» ЖШС-де тозған автокөлік дөңгелектерін қайта өңдеу арқылы, резеңке ұнтақтары мен жер асты суару түтіктерін шығару өндірісі жұмыс жасайды.
Мұнда жарамсыз дөңгелектер бірнеше сатылы өңдеуден өткеннен кейін ұнтаққа айналады. Оған полиэтилен ұнтағы қосылады, екі қоспадан дайын өнім – жер асты суару түтігі шығарылады. Неміс технологиясының көмегімен 10-15 минутта 100 метр түтік дайын болды. Жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес 2030 жылға қарай егіс алқаптарының 15 пайызы суды үнемдеу технологиясына көшіріледі. Соған сәйкес жер асты түтіктеріне сұраныстың артары анық. Қазір резеңке ұнтақты алатындар өте көп. Футбол алаңдарына төселеді, сондай-ақ жол құрылысына пайдаланады. Белсенді ұнтақ бетуннмен араласса асфальттың сапасын жақсартады.
- Резина ұнтақтары әртүрлі 1,3-3,5 фракциядағы резина
ұнтақтарын шығарады. Және де оны дөңгелектегі металдарды бөлек алып оны да келешекте іске асыратын болады. Бұл резина ұнтақтарын қазіргі таңда стадиондарда, балалар ойын алаңдарына пайдалынып жатыр. Мекемелер де сатып алып жатыр, - деген өндіріс басшысы Серік Ақпембетов оқушыларға фабриканың қызмет түрлерімен таныстырды.
Таныстырылым барысында оқушылар жылына зауытта 2 мың тонна өнім дайындалатынына таңданысты. Инновациялық жоба экономикалық жағынан да экологиялық тұрғыдан да тиімді. Ал әзірге бұл еліміз бойынша шинаны қайта өңдеу арқылы резеңке өнімдерін шығаратын жалғыз өндіріс орны екініне көз жеткізген оқушылар кәсіпорындағы жұмысшыларға ризашылық білдіріп, Қызылордада мұндай зауыттың бар екеніне, олардың жұмыстарымен жақынырақ танысқандарын жеткізе отырып, көптеген сұрақтарына жауап алды.
Айта кетейік, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы облыстық білім басқармасымен бірге облыс мектептері оқушыларының арасында кәсіби бағдар беру шараларын жалғастыруда.
Осы кезге дейін қаладағы ерлер жейдесін тігетін фабрика «Dalatex», ауыз су шығаратын «Аквалайн», «Ағжан суда» болды.
Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Жанна Ысқақова оқушылардың кәсіптік бейімдеу шараларының аудандарда да өткізіліп жатқандығын жеткізді.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер
палатасының баспасөз қызметі