ҚЫЗЫЛОРДА: 8 АЙДА 121 МЛН. ТЕҢГЕ
2016 жылдың 8 айында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының заңгерлері бизнес өкілдерінің 131 өтінішін қарап, кәсіпкерлердің 121 млн.теңгесін қорғап қалды. Бұл туралы палата директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары, Қазақстанның Қызылорда облысы бойынша Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл аппараты секторының басшысы Дархан Мырзалиев айтты.
Биылғы жылғы кәсіпкерлер құқығын қорғаудағы резонанстық проблема ретінде мына жайтты айтуға болады.
Электр энергиясымен жабдықтаушы мекемесі тарапынан кәсіпкерлерден пайдаланған электр энергиясы үшін қосымша есептелген сомманы төлеуді талап ету фактісі бойынша Палата кәсіпкерледің құқықтарын қорғап, олардың 3 млн. теңгеден аса қаражатын сақтап қалды. Оған қоса, Палатаның бастамасымен көтерілген мәселені прокуратура органдары тексеру нәтижесінде «ҚазТрансАймақ» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры мен оның орынбасары кәсіпкерлерге қызметін жүргізуде тең мүмкiндiктерін пайдалануға, адал бәсекелестік жүргізуге кедергі жасап, кәсіпкерлердің құқықтарын шектегені үшін өз қызметтерінен босатылды.
Бүгінгі таңда, Палатаның сарапшылары кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша 50-ден аса сот отырыстарына қатысып, нәтижесімен сот процесстерінің 80 пайызы кәсіпкерлердің пайдасына шешілді.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жұмыстарды күшейту мақсатында 2014 жылы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының жанынан тұрақты жұмысшы орган – Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесі құрылды. Палата директорының орынбасары Дархан Мырзалиевтің айтуынша, ай сайынғы Кеңес отырыстарында кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделерін шектеуге, мемлекеттік органдардың әрекеті немесе әрекетсіздігіне байланысты орын алған нақты жағдайлардың шешілу жолдары қарастырылады.
Бүгінгі күні, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің 10 отырысы өткізілді. Кеңес отырыстарында жүйелі түрде қалаптасқан 30 проблемалық мәселелер қаралып, нәтижесі бойынша 200-ден аса кәсіпкердің заңды мүдделері қорғалып, құқықтары қайта қалпына келтірілді және 9 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі