СЫР БРЕНДІ: ҚАРА ҚАУЫННЫҢ ДӘУІРІ ҚАЙТА КЕЛЕР КҮН ЖАҚЫН!
Дәмі тіл үйіретін қара қауын - Сыр өңірінің күріштен кейінгі бренді. Аймақ аграрийлері қара қауынның тұқымын жаңа сапаға көтермек ниетте. Осы мақсатта жергілікті Қаракүләбі сортын егіп, тәжірибелік зерттеулер жүргізуде. Жуырда алматылық ғалымдармен бірлескен жобаның алғашқы нәтижелері көпшілікке таныстырылды.
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты – Самалбек Қосанов былтырдан бастап қара қауынның тұқымына зерттеу жүргізуде. Мақсаты – он бес жыл бұрын танымал болған жергілікті Қаракүләбі сортын қоспалардан ажыратып, бастапқы сапасына қол жеткізу. Көктемде 5 га жерге тұқым себілді. Жақында егісті суғару маусымы аяқталды. Он күннен соң, өнім жиналады. Содан кейін барып, қара қауын тұқымы зертханаларға жіберілмек.
Самалбек Қосанов – Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Агробиологиялық және қолданбалы зерттеулер» ҒО директоры: Біздің аймақтың өзінде қара қауынның төрт түрлі типі таралып кеткен. Біз олардың барлығын жойып, сол баяғы өзінің бір түрлі қара қауынға алып келуіміз керек. Мысалға сыртының жыртырлығы, кейбіреулерінің беттерінің торланып, қыртыстанып кетуі осы мәселелердің барлығын біз кәдімгі қара қауынның өзінің типтік түріне алып келеміз,- деді.
Бүгінде сатылымдағы қауын түрлерінің дені шетелдік сорттар. Ал, жергілікті түрлері сирек. Оның тұқымын лабороториялық зерттеуден өткізгенде, өнімділігі нашар екені анықталды. Ал, мына тәжірибе алаңына егілген қаракуләбі сортына тыңайтқыш пайдаланылған жоқ,-дейді жобаны жүзеге асырушылар.
Жарас Мамырбеков – Көкөніс шаруашылығы ҒЗИ бөлім меңгерушісі /Алматы/: сортқа сипаттамасына сәйкес келмесе де бағалы қасиеттеріменен көрінген бір линия шығып тұр, қара қауынның гүләбидің гибриді болуы. Мүмкін басқа бір басқа бір сортпен, торлануымен ба айқас тозаңданып кеткен. Бірақ сапасы, сандық жағынан жоғары көрсеткіш көрсетіп тұр. Оны жеке бір линия қылып шығар, әрі қарай селекциялық жұмыстар жүргіземіз.
Дала семинарында сала мамандары мен университет магистранттары агрожобаның жүргізілу барысымен етене танысты. Айта кету керек, қауынның жергілікті сорттарын бастапқы қалпына келтіру жұмыстары биылмен шектелмейді. Ғылыми-зерттеу жұмыстары келер жылы да жалғасады.
Айта кетейік, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «Бизнес-Өсу» жобасын белсенді жүзеге асырылды.
Өткен жылы «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында біліктілігін көтерген қызылордалық кәсіпкер, «Жаса Агро» ЖК басшысы Қосанов Самалбек биыл Кәсіпкерлер палатасына «Бизнес-Өсу» жобасы аясында қызмет түрлерін алуға өтінім білдіреді. Нәтижесінде Кәсіпкерлер палатасының сүйемелдеуімен Самалбек Қосанов жоғарыда аталған қызмет түрлерімен толықтай қамтамасыз етіліп, өсімдік шаруашылығы саласындағы жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік алды.
Жалпы құны 10 млн.теңге тұратын жоба «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС арқылы қаржыландырылды. Аталмыш қаржыға 20 га жер дайындалып, аталмыш жерді тамшылатып суғаруға арналған жүйе, қажетті тұқым алынды. Кәсіпкердің егіндік мақсатында пайдаланып отырған жерінде арам шөптер өсіп, қолдануға жарамсыз болған. Дегенмен кәсіпкер ұзақ жылдардан бергі тәжірибесін қолдана отырып, таза табиғи өнім алуды жоспарлаған.
Бүгінде Самалбек Қосанов кәсіпкерлер палатсымен өткізіліп жатқан бизнес-Өсу жобасы аясында өз тіжірибесімен жас кәсіпкерлермен бөлісуде.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі