КӘСІПКЕРЛІККЕ ӨРІС КЕҢ
Облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Арал ауданы, Сексеуіл кентінде болып, арнайы іс-сапар барысында кенттің кәсіпкелерімен кездесті, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
Кездесуге кентте өз кәсібін дөңгелетіп жүрген кәсіпкерлер, белсенді жас кәсіпкерлер қатысты. Кездесуге келген кәсіпкерлер жекелей мәселелерді ортаға салды. Атап айтқанда, мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсібін ашуға қажетті көлемде несие алуға кепілдікке қоятын мүлік болмауына байланысты қиындықтар бар екенін жасырмады. Сонымен қатар, Сексеуіл кентіндегі кәсіпкерлердің Өңірлік Инветициялық Орталық арқылы қаржыландырылып іске асырылып жатқан жобаларымен танысып өтті.
Іссапар барысында Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Сексеуіл кентінің кәсіпкерлеріне даму қарқынына оң бағасын беріп, палата тарапынан мемлекеттік бағдарламаға қатысуға және несие алуға ұдайы сүйемелдеу жасалатынын жеткізді.