ҚЫЗЫЛОРДАДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ САЛАСЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
Қызылордада ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті жанындағы «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-ның ұйымдастыруымен техникалық реттеу және метрология саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында семинар өтті.
Ұйымдастырушылардың шақыруымен шараға арнайы "Атамекен" ҰКП Жергілікті қамту және сатып алу департаментінің сарапшысы Эльмира Оразова қатысып, сала мамандарына «Тауардың шығу тегі Халықаралық және ұлттық заңнамалардың ерекшелігі» жайлы лекция оқыды.
Айта кету керек, семинар жұмысына Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының да тауардың шығу тегі туралы сертификаттау саласындағы маман қатысты.
Ұйымдастырушылар осындай шараларда мамандардың біліктілігін арттыру арқылы тауарлардың шығу тегін анықтайтын сертификаттарды беруде заңсыздықтарға жол берілмейді деп отыр.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі