ҚЫЗЫЛОРДАДА ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІ "ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУДЫ" ҰЙЫМДАСТЫРУДА
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында облыстық Іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен өз ісін бастаушы кәсіпкерлерге арналған"Жобалық оқыту" курсы өткізілді. Курстың бұл жолғы тақырыбы "Агрокәсіпкерлік" деп аталады. Шара ісін жолға қойған кәіпкер, белгілі оқытушы Самалбек Қосановтың жүргізуімен ұйымдастырылды. Оқыту курсына осыған дейін "Бизнес-мектеп" жобасының әлеуетін пайдаланушы 12 кәсіпкер қатысты.
Оқыту курсының артықшылығы - тәлімгерлік принципімен ұйымдастырылуы. Бұл ретте Палата тәлімгер ретінде кәсіпкерлік саласында тәжірибесі бар, белгілі бір жетістікке қол жеткізген бизнес өкілдерін тартуда.
"Агрокәсіпкерлік" курсында Самалбек Қосанов шараға қатысушылармен кәсіпті жүргізудің қыр-сырымен, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Ал алдағы қыркүйек айында курсқа қатысушыларға өзінің тамшылатып суғару тәсілімен егіп отырған дақылдар алаңын көрсететін болды. Айта кету керек, 2015 жылы Самалбек Қосанов басшылық жасайтын "Жаса Агро" ЖШС-і "Қызылорда" Өңірлік инвестициялық орталығынан 10 млн.теңге несие алған болатын. Кәсіпкердің жобасын жүзеге асырылу барысында Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері толықтай сүйемелдеп шықты.
Жалпы "Жобалық оқыту" курсы "Бизнес-Кеңесші" курсының логикалық жалғасы және аталмыш курсқа тек сертификат алған азаматтар ғана қатыса алады.
Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі биылғы жылы "Жобалық оқытуды" 3 бағыт бойынша: "Агрокәсіпкерлік", "Балабақша ашу" және "Қоғамдық тамақтану/ кондитерлікті ашу" тақырыптарында өткізеді. Қатысамын деушілер Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 28 мекен-жайындағы Кәсіпкерлер палатасына хабарласуға болады.