КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасымен біршама кәсіпкер «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына белсене атсалысты.
Бүлдіршіндерді қабылдаған облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов: «Кезекті оқу жылы жақындап келеді, Мыңдаған бала мектеп табалдырығын аттап, білім алады. Бірақ барлық отбасылардың бірдей балаларын оқу жабдықтарымен қамтамасыз етуге жағдайы бола бермеуде. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Президентінің оқушылардың мектепке баруын толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында, жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орайластырылып, «Бақытты балалық шақ мекені» тақырыбы аясында өткізіліп жатыр. Акцияның басты мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына дайындау және олардың әлеуметтік себептермен мектепке бармауын болдырмау мақсатында қажетті көмек көрсету. Көптеген демеушілер үшін тамыз қайырымдылық айына айналған. Себебі олар жаңа оқу жылының алдында 30 күн бойы әлеуметтік жағынан аз қамтылған жә не көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуге тырысады», - деп акцияның маңыздылығына тоқталып өтті.
Кәсіпкерлер палатасының алаңында өңірімізге белгілі компаниялар: «Сыр маржаны», «Браунис», «КНК Кемикал», «Ермаханов», «Агро-центр», «NP-Consulting», «Аквалайн» ЖШС-терінің демеушілігімен «Мектепке жол» акциясы өтті.
Акция барысында өңіріміздегі 60-тан астам оқушыға қажетті құрал жабдықтарымен мектеп формалары алып берілді, сондай-ақ қаржылай көмек көрсетілді.
Өз кезегінде ата-аналар аймақ кәсіпкерлеріне алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі