БИЗНЕС САЛАСЫНДА ҚАЛАМ ТЕРБЕГЕН СЫР ЖУРНАЛИСТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Өткен аптада «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша отандық БАҚ өкілдері арасында өткізілген республикалық байқау мәреге жеткен болатын.
Астанада «БЖК-2020» бірыңғай бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасы және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлер саласы жетістіктерін насихаттауға арналған үздік материалдар иелері анықталды.
Бұл Республикалық байқау табысты кәсіпкерлерді таныту, мемлекет дамуындағы кәсіпкерліктің экономикалық және әлеуметтік рөлін көрсету, тілшілер қауымын ортақ іске жұмылдыру мақсатында ұйымдастырылды.
Шығармашылық сайысқа қатысушылар байқау комиссиясы назарына очерк, сұхбат, мақалалар, телевизиялық және радиобағдарламалар, әлеуметтік зерттеулер секілді тағы басқа да жанрлар мен сипаттарда әзірлеген, газет-журнал, яғни баспа бетінде шыққан, ғаламторда жарық көрген, телеарналар эфирінде көрсетілген, радио толқында таралған төл еңбектерін ұсына алды.
Онда жауапты да ауқымды додада бағын сынаушылардың кәсіби шеберлігі, сындарлы ой байыптауы, тың жаңалықты жариялай алуы, қызықты баяндауы, авторлық тұжырымдамасының дербестігі, ақпараттық дәлдігі мен нақтылығы, журналистік әдеп қағидаларына сәйкестігі сынды жайттарға айрықша көңіл бөлінгенін, елордадан тыс, аймақтардың жан-жақты қамтылғанын атап өтуге болады.
Нәтижесінде «Баспа БАҚ бетіндегі үздік сараптамалық материал», «Үздік ТВ репортажы: ақпараттық-сараптамалық бағдарламаға арналған сюжет», «Интернет-БАҚ бетіндегі үздік сараптамалық материал» және «Үздік радио-сюжет» аталымдары аясында 45 өтінімнен іріктелген жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Солардың ішінен біздің қызылордалық журналистер қауымы да төбе көрсетті.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың біріңғай бағдарламасы жайлы үздік журналистік жұмыстардың республикалық байқауда «Баспа БАҚ бетіндегі үздік сараптамалық материал» номинациясымен ІІ орынды «Ақмешіт ақшамы» газетінің жауапты хатшысы Гүлмира Ділдабекова және «Үздік ТВ репортажы: ақпараттық-сараптамалық бағдарламаға арналған сюжет» номинациясы бойынша ІІ орынды «24kz» телеарнасының меншікті тілшісі Қамбар Бекенов еншілеген болатын.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов марапат иелерін құттықтап, табыстады.
- Бүгінгі күнге дейін аймағымызда бизнес саласы кәсіпкерлік өте
жоғары деңгейде дамиды дегенге онша көп адам сене қоймайтын. Біз үшін ең үлкен қуаныштысы мемлекеттік бағдарламалардың арқасында ауылдың өзінде де шағын кәсіп жақсы дамып келе жатыр. Біз соны насихаттауға өзіміздің кішкентай болса да үлесімізді қосып келе жатырмыз деп ойлаймыз. Соның бір үлкен жемісі Республикалық байқауға қатысып, бүгін міне екінші орын алдық. Сол үшін қуаныштымыз. Әлде де шағын бизнес дами берсін елімізде, - деп өз тілегін білдірді «Ақмешіт ақшамы» газетінің жауапты хатшысы Гүлмира Ділдабекова.
Одан әрі «24kz» телеарнасының меншікті тілшісі Қамбар Бекенов: «Бұл бір күндік бір ғана дайындалған материалдың нәтижесі ғана емес. Жыл бойғы осы жыл басынан бергі жасалған сюжеттер мен репортаждардың жемісі. Сондықтан барлық журналистерді ықылас пен ынтамен қатысуға шақырамыз алдағы уақытта», - деді.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі