БИЗНЕС ТАҚЫРЫБЫНДА ҚАЛАМ ТЕРБЕГЕН ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша отандық БАҚ өкілдері арасында өткізілген байқау мәреге жетті. Астанада «БЖК-2020» бірыңғай бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасы және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлер саласы жетістіктерін насихаттауға арналған үздік материалдар иелері марапатталды.
Бизнес тақырыбындағы ең озық үлгілі деген журналистік жұмыстарды қазылар алқасы сарапқа салды. Республикалық байқау табысты кәсіпкерлерді таныту, мемлекет дамуындағы кәсіпкерліктің экономикалық және әлеуметтік рөлін көрсету, тілшілер қауымын ортақ іске жұмылдыру мақсатында ұйымдастырылды. Шығармашылық сайысқа қатысушылар байқау комиссиясы назарына очерк, сұхбат, мақалалар, телевизиялық және радиобағдарламалар, әлеуметтік зерттеулер секілді тағы басқа да жанрлар мен сипаттарда әзірлеген, газет-журнал, яғни баспа бетінде шыққан, ғаламторда жарық көрген, телеарналар эфирінде көрсетілген, радио толқында таралған төл еңбектерін ұсына алды. Мұнда жауапты да ауқымды додада бағын сынаушылардың кәсіби шеберлігі, сындарлы ой байыптауы, тың жаңалықты жариялай алуы, қызықты баяндауы, авторлық тұжырымдамасының дербестігі, ақпараттық дәлдігі мен нақтылығы, журналистік әдеп қағидаларына сәйкестігі сынды жайттарға айрықша көңіл бөлінгенін, елордадан тыс, аймақтардың жан-жақты қамтылғанын келтіре кету керек.
Салтанатты марапаттау рәсімінде «Баспа БАҚ бетіндегі үздік сараптамалық материал», «Үздік ТВ репортажы: ақпараттық-сараптамалық бағдарламаға арналған сюжет», «Интернет-БАҚ бетіндегі үздік сараптамалық материал» және «Үздік радио-сюжет» аталымдары аясында 45 өтінімнен іріктелген жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, ел экономикасын өркендетудегі шағын және орта бизнестің маңызын атап өтті.
«Баршаңызды шын жүректен құттықтап, ерен еңбектеріңіз үшін алғысымды айтқым келеді. Қазіргідей күрделі ахуал жағдайында шын мәнінде тұтас ел аумағында бизнесті жандандырып, гүлдендіруге ауадай қажет «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы жөнінде қалам тербеп, насихат жұмыстарын жүргізген сіздердің қосқан үлестеріңіз өлшеусіз. Себебі, отандық экономикаға жаңадан серпін сыйлауда шағын және орта бизнес өкілдеріне, кәсіпкерлердің орташа табына үлкен сенім артылуда. Ал журналистер болса, осындай табысты жобалар жайлы шалғай елді мекендерге жеткізіп, бағдарламаға атсалысып байқап көруге шақыруда. Арадағы дәнекер көпір іспетті «Атамекен» палатасы арқылы биыл 15 мыңнан астам кәсіпкерге тікелей Бизнестің жол картасының көмегі тиді. Барлық тарапты тағы бір мәрте бизнес-қауымдастық атынан бүгінгі қуанышты оқиғамен құттықтаймын», - деді шараның ашылуы барысында ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары.
Сондай-ақ, байқауда мерейі үстем болғандарға «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Хатшылығының басшысы Ләззат Рамазанова, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы басқарма төрайымының орынбасары Қайнар Олжай және өзге де белді тұлғалар жылы лебіздерін білдіріп, естелік мүсіншелер мен қаржылай сыйлықтар табыстады.
Сонымен, бас жүлдені өз БАҚ тармақтарында Қазақ радиосының тілшісі Дәулет Әбілқасымов, ABCTV.kz іскерлік порталының журналисі Жанболат Мамышев, «Свобода слова» газетінің қызметкері Жанар Асылханова, «W production & Co» редакциясының өкілі Данил Москаленко еншіледі.
«Міне екі жыл бойы «Қазақстанда жасалған», «Отандық өнім» бағдарламалар шеңберінде үздіксіз хабарлар топтамасын жасап келеміз. Бұл жерде өңірлердегі кәсіпорындар, жергілікті кәсіпкерлер қамтылып, өнімімен ішкі сұранысты өтеудегі, экспорттық нарықты бағындырудағы қызметтері әңгіме арқауына айналып, мемлекеттік қолдауға іліккен тауар өндірушілер жайлы дүйім жұртқа таныстырамыз. Мәселен, өзімді біздегі халва өндірісінің технологиясы, сапасы мен оны жасаушылардың ұқыпты көзқарасы таңғалдырды. Дәмін татқан соң, туған-туыстарыммен бірге тұрақты тұтынушысы болатынымызды шештік. Сондықтан да аталған кәсіпорын Ресей мен Украинадан, ел ішінен жүргізілетін қарқынды бәсекелестікке төтеп бере білуде. Бұдан тыс, қап өндірісі ерекше әсер етті. Былай қарасаң қарапайым нәрсе, бірақ артық жарнаманы қажет етпейтін, импортты ығыстырған, сырт көзден оңаша табысты бизнес. Осындай дүниелерді көргенде, көңіл-күй жадырап, еріксіз шаттанады екенсің», - деді бізге сұхбатында «Үздік радио-сюжет» аталымында бағы жанған Қазақ радиосының Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Дәулет Әбілқасымов.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауларында айқындаған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі