ҚЫЗЫЛОРДА ДА «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЛАРЫ - 2016» ӨТЕДІ
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов «Қазақстанның үздік тауарлары - 2016» көрме-байқаудың өткізілуі жайлы брифинг өткізді.
Биыл 20 тамыз күні Қызылорда қаласында еліміздің үздік тауар өндірушісін анықтау мақсатында «Қазақстанның үздік тауары-2016» атты іс-шара өтеді. Байқауда отандық өндірушілердің ең үздік тауарларының үлгілері – жеңіл және азықтық өнеркәсіп өнімдері, жұмсақ жиһаз, өндірістік құралдар ұсынылады.
Палата директоры аталмыш көрме-байқау шарасына төмендегіше толығырақ тоқталып өтті.
Өздеріңізге белгілі, Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2015 жылдан бері ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының ұйымдастырушысы болып табылады.
Байқаудың негізгі мақсаты – өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдарды сапа мәселесін шешуге жұмылдыру, сонымен қатар, халық арасында сапа мәселесін дәріптеу.
Жалпы Байқауға заңды тұлғалар немесе дара кәсіпкерлер қатыса алады.
«Алтын сапа» сыйлығы бойынша қатысушылар Комиссияға кемiнде үш жыл iшiнде шығарылатын өнiмнiң немесе көрсетiлетiн қызметтiң жоғары сапасын растауға тиiс.
Ұйымдар байқауға мынадай номинациялар бойынша қатысады:
1) "Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын";
2) "Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын";
3) "Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын".
Әр номинация бойынша мынадай:
1) шағын кәсіпкерлік субъектісі;
2) орта кәсіпкерлік субъектісі;
3) ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша сыйлық беріледі.
Ал «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы мынадай үш номинация бойынша жүргізіледі:
1) "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар";
2) "Халық тұтынатын үздік тауарлар";
3) "Үздік азық-түлік тауарлары".
Байқау талаптарымен танысқысы келген кез келген азамат мына нормативтік-құқықтық құжаттарды басшылыққа ала алады:
- «Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығы;
- «Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі N 1167 Қаулысы;
- «Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 125 қаулысы.
Құжаттар 2016 жылғы 1 шілдеге дейін қабылданды. Жалпы байқауға дайындық процесі қалай жүрді, комиссия қалай әзірленді, сол жөнінде толық ақпаратты Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлдана Таңатова байқау ережелеріне тоқталып өтті.