БИЗНЕС ТАҚЫРЫБЫНДА ҚАЛАМ ТЕРБЕП, ЖЕҢІСКЕ ЖЕТ!
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы БАҚ арасында ЕАЭО мүше мемлекеттер нарықтарындағы қазақстандық кәсіпкерлік туралы үздік материалға арналған республикалық байқау жариялайды.
Байқау табысты кәсіпкерлерді таныту, мемлекет дамуындағы кәсіпкерліктің экономикалық және әлеуметтік рөлін насихаттау, сонымен бірге, «БЖК-2020» бағдарламасын, оның ішінде ЕАЭО мүше мемлекеттер нарығында қазақстандық кәсіпкерлікті насихаттауға журналистік қоғамдастықты тарту мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Байқауға отандық барлық БАҚ журналистері, штаттағы және штаттан тыс қызметкерлері қатыса алады.
Шығармашылық сайыс қатысушылары очерк, сұхбат, мақалалар, телевизиялық және радиобағдарламалар, әлеуметтік зерттеулер секілді т.б. жанрлар мен форматтарда байқау жұмыстарын әзірлей алады.
Қатысу үшін Өтінімді толтырып, ұйымдастыру комитетінің электронды мекенжайына жолдау қажет: pr@palata.kz (ҚР ҰКП Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменті).
Байқау жұмыстары өтінімді берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні өтпей, мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс: Астана қ., Д.Қонаев к-сі., 8, «Б» блогы, 2642 каб.
2015 жылғы 1 желтоқсан мен 2016 жылғы 15 тамыз аралығында эфирге шыққан немесе БАҚ-та жарияланған байқау жұмыстары қаралады. Өтінімдер 2016 жылғы 20 тамызға дейін қабылданады.
Олар:
Microsoft Word және PDF (сканерленген көшірмесінде атауы мен баспа БАҚ-тың шығарылым деректері болуы тиіс) форматында басылған баспа материалдары;
ТД-материалдар - DVD-дисктерде, радио,- және фото жұмыстар - CD немесе DVD-дисктерде;
бейнематериалдар - 1280 х 720 рix рұқсаты бар DVD форматында, хронометражы – (бейнесюжеттер үшін) 3 (үш) минуттан кем емес және (деректі фильмдер немесе телебағдарламалар үшін) 30 (отыз) минуттан аспауы керек;
аудиоматериалдар - *mp3 форматында- CD немесе DVD-дисктерде болуы керек.
Байқау жұмыстарын USB (flash) тасымалдаушыларда ұсынуға рұқсат беріледі.
Байқау тақырыбына, ұсынылатын талаптарға сай келмейтін, сонымен бірге ұсынуға берілген мерзімнен кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді.
Байқау жұмыстарын бағалау кезінде объективтілік, материалды берудің кәсіби деңгейі, жаңалығы, эксклюзивтілігі, стилі, баяндау тілі, авторлық тұжырымдаманың дербестігі, ақпараттың дәлдігі мен нақтылығы, журналистік этика қағидаларына сай келуі назарға алынады.
Байқаудың ресми нәтижелері 2016 жылғы 30 тамызға дейін шығарылып, www.palata.kz «Атамекен» ҚР ҰКП интернет-ресурсында жарияланатын болады.
Байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі 2016 жылғы 30 тамыздан кешіктірілмей өтеді.
Байқау комиссиясының шешімімен әр аталым бойынша байқау жеңімпаздары анықталып, оларға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталады.
Байқауды өткізу туралы Бұйрықпен және БАҚ арасында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер нарықтарындағы қазақстандық кәсіпкерлік туралы үздік материалға арналған республикалық байқау ережелерімен Палата сайтында танысуға болады.