ІРІ КӨЛЕМДЕГІ ГРАНТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
Тұңғыш рет қызылордалық кәсіпкер «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның грантына ие болды. Бұл жөнінде облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов айтты.
Өткен жылы Кәсіпкерлер палатасына «Қызылорданың құрылыс материалдары» ЖШС өтінішпен келген болатын. Компания «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның ұйымдастыруымен өтетін инновациялық гранттар байқауына қатысқысы келетінін айтып, Палатадан бизнес-жоспар және өзге де құжаттарды әзірлеуге көмек көрсетуін сұрады.
«Қызылорданың құрылыс материалдары» ЖШС-і 2014 жылы құрылған компания. Аталмыш кәсіпкерлік нысан аймақта өндіріске инновациялық технологияларды және жоғары технологиялық, тиімді және экологиялық қауіпсіз әзірлемелерді енгізумен айналысады.
Бүгінгі таңда компания өзінің «Көбікті бетон әзірлеуге арналған көбік түзуші өндіріс» жобасымен инновациялық грант алу мақсатында қажетті келісімшарттарға қол қойып, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ға өтініш берген. Кәсіпкерге «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ тарапынан 32 млн теңге көлемінде грант бөлінбек. Қалған 13 млн теңгені немесе 30%-ды жобаға кәсіпкердің өзі салады.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі