ҚЫЗЫЛОРДАДАН ШЫҒАТЫН БОЯУЛАРҒА СҰРАНЫС КӨП
Қызылордадан бояу шығады. Жергілікті кәсіпкер «Ақ отау» маркасымен акрил бояуын шығаруды қолға алған. Қазіргі таңда 7, 15 және 25 келілік полиэтилен қаптамадағы эмульсиялық бояуларға жергілікті жерде сұраныс артып келеді. Шағын кәсіпорын ашылғалы бері өңірдегі құрылыс нысандарына кәсіпкер 35 тоннадай өнім өткізді. Бояу құйылатын құтылар мен жапсырмалар түгелдей елімізде шығарылған. Тек құрамына қосылатын химиялық элементтер ғана Ресейден жеткізіледі. Цехта әзірге 4 адам жұмыс істейді. Жоба жетекшісі облыстық кәсіпкерлер палатасының сүймелдеуімен таяуда жеңілдетілген несиеге қол жеткізбек. Қондырғылар жаңаланып, құрал-сайманы түгелденсе, кәсіпорын күніне 20 тонна өнім шығаратын болады.
Бақытжан Тәңірбергенов, кәсіпкер:
- Біз енді 10 млн несиеге тапсырыс беріп қойып отырмыз. Өңірлік инвестициялық орталығының бағдарламасымен алсақ, ары қарай дамытуға күшіміз бар. Бояудың түрі көп ішкі, сыртқы деген болады. Эмаль краска тағы түрлі-түрлі бояу шығаруға болады. Оның бәрі өзіміздің ойымызда бар, бизнес жоспарда бар.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі