ЖАСТАРҒА КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС БЕРІЛДІ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов «Арай-Sunris» балаларды сауықтыру лагеріндегі тынығушы жастармен кездесіп, кәсіпкерліктің қыр-сырымен бөлісті.
Айта кеткен жөн, бүгінгі таңда, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы, Қызылорда облысының білім беру басқармасы және «Жастар жетістіктер» қоғамдық қоры мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулу жобасын іске асыруда. Жобаның 1-кезеңінде №9 мектеп-гимназиясында, 5-10 сынып оқушыларына арналған «Кәсіпкерлік негіздері» факультативтік пәні енгізілді. Жобаның 2-кезеңінде облыстың 40 мұғалімі «Кәсіпкерлік негіздері» курсы бойынша біліктіліктерін көтеріп, Қызылорда қаласындағы «Арай-Sunris» лагерінде ұйымдастырылған «Табыс жолы» атты І жастар фестиваліне қатысты.
Бүгінгі шара аталмыш басталған жұмыстың заңды жалғасы. Шараға қатысты Палата директоры Ғалымбек Жақсылықов: «Осындай кездесулер арқылы жастар мектеп табалдырығында жүріп-ақ бизнесті жүргізудің негізгі тетіктерімен таныса алады. Кәсіпкерлер палатасы Облыстық білім басқармасымен бірге «Кәсіпкерлік негіздері» факультативтік пәнін барлық орта білім беретін мектептерде енгізу бағытында жұмыстар жзүргізілуде»- деді.
«Арай-Sunris» лагеріндегі өткізілген шарада Кәсіпкерлер Палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманова жастарға бизнес-тренингтер өткізді.
Шара қорытындысымен белсенділік танытқан жастар Палатаның арнайы естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Мұндай шара алдағы уақытта аудандарда жалғасын табады.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі