ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ҚОЛ-ӨНЕРІН ДАМЫТУҒА ҮЛЕС ҚОСУДА
Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасында аймақ кәсіпкерлері бас қосып, ісін жаңа бастаушы Кенжегүл Жалмағанбетованың өтінішін талқылады.
Атап айтатын болсақ, Қазалы ауданының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі азаматша Кенжегүл Жалмағанбетова заман талабына сай еңбек ету мақсатында үйде отырып қой, түйе жүндерінен төсек жабдықтарын, әр түрлі ою өрнектерді сала отырып дайындап, қыз жасаулары мен бесік жасауларын әзірлейді. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры АҚ қайтарымсыз грантына қол жеткізіп, тігін машинкасы мен үтік алды. Дайындалған көрпе-төсек жабдықтары мен бұйымдарын аудан орталығында орналасқан «Ер-Нұр» сауда базарына сатады. Өз қолымен дайындалған бұйымдарымен облыстық «Қолөнер-сырлы өнер» көрме-конкурсына және аудандық Әйелдер кеңесінің кезектен тыс конференциясы аясында ұйымдастырылған көрмелерге де қатысып жүр.
Қазалылық К.Жалмағанбетова кәсібін аяғынан тұрғызу үшін облыстық Кәсіпкерлер Палатасына өтінішпен хабарласқан болатын. Нәтижесінде Палата алаңында бас қосқан аймақтың бизнес өкілдері жаңа бастамасына қолдау көрсету туралы шешім қабылдады.
Қызылорда облысының Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Дархан Мырзалиев: «Кәсіпкерлер палатасында өткізілген кездесу барысында аймақ кәсіпкерлері азамтша Кенжегүл Жалмағанбетованың өтінішін қарау барысында ұлттық құндылықтарды дамыту үшін бастамасына демеушілік көрсету туралы шешім қабылдады. Бұл қадам өңірімізде тағы бір кәсіп түрінің дамуына септігін тигізеді деп сенеміз», - деді.
Жалпы жыл басынан бері Қызылорда облысының Кәсіпкерлер Палатасы аймақ кәсіпкерлеріне сервистік қызмет көрсетіп келеді. Оның ішінде облыс кәсіпкерлеріне қолдау көрсету орталықтары арқылы 679 кәсіпкерге 1213 қызмет түрі көрсетілді.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі