ВЬЕТНАМ ЕЛШІСІ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА
Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасына Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Доан Тхи Суан Хйен ханым бастаған делегациа келіп жұмысымен танысты, сондай-ақ аймақ кәсіпкерлерімен кездесті.
Жалпы Вьетнамдық делегацианың Қызылорда облысына жұмыс сапары, сондай-ақ Кәсіпкерлер палатасына келгендегі мақсаты жөнінде делегациамен тікелей жұмыс жасап отырған кәсіпер Оралбек Ботбай былай деді: Бүгін Ұлттық Палата кездесу өткізіп жатыр, олар ұсыныстар беріп жатыр. Бұлардың негізгі мақсаттары Қызылорда қаласында мұнай мен газды дамыту, шәй мен кофе, көкөністер мен жеміс-жидек өнімдерін жеткізсек, сонымен қатар аяқ киім шығаратын фабрика салсақ деген жоспарлары бар. Облыстық кәсіпкерлермен келісіп, тағы да қандай екі елдің орта шағын кәсіпкерлігін дамытатын барлық салаға дайынбыз. Сондықтан бұл жолғы сапар Қызылорда елінің кәсіпкерлерімен және облыстың басшысымен танысу. Қыркүйек айынан бастап құжаттармен жұмыс жасап, Астана қаласында Елбасының қатысуымен «Қазақ-Вьетнам» бизнес-форумы өткізіледі. Бұл жерде келісім-шартқа қол қойылады. Одан әрі қызылордалық кәсіперлер мен басшыларды, мемлекеттік қызметкерлерді Вьетнам еліне шақырып, одан әрі жұмыс істеуге келіссөздер жүргізіледі.
Қызылорла облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов өңірлік даму картасымен таныстырды. Мұнымен қоса, қонақтар облыстағы «Жанар-жағар май өндіретін зауыт құрылысы», «Асыл тұқымды қой, ешкі сүт фермасын құру», «Құс фабрикасы» жобаларымен танысты.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі