ЕРЛЕР ЖЕЙДЕСІ: ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСАЛҒАН!
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Қызылордадағы ерлер жейдесін тігетін фабриканың жұмысымен танысты.
- «Димаш» ерлер киімі дүкенін білмейтін жан жоқ шығар. Себебі ол жерден заман талабына сай, кез келген жас иесіне арналған сәнді ерлер киімдерін табуға болады. Дүкен иесі Ділмұхамед Абызов бауырымыз бұған дейін киімдерді сырттан алдыртып келген болатын. Кейін ойлана келе өзімізде ерлер жейдесін тігуді қолға алды. Тың саланы енгізу үшін түркиялық мамандарды шақыртқан. Бүгінде фабрикада 30-ға жуық адам жұмыс жасауда. Көңіл қуантқаны – жұмысшылардың дені жастар, - деді ол.
Жұмыс процесі оңай емес. Жейденің жаға, жеңін бұрыштап, қырлап әзірлеудің өзі арнайы бір технологиямен жасалуда. Тігін фабрикасының өнімдері әзірге ел нарығына шығарылады, Кәсіпкер болашақта Ресейден бастап алыс-жақын шет елдерге де экспорттауды жоспарлауда. Бұл ретте кәсіпкерлер палатасы оны қолдауға әзір.
- Тапсырыс берушілердің бірнеше мүмкіндігі бар: тұтынушылар қоймадағы дайын өнімдерді ала алады немесе өздері ұсынған үлгі негізінде тіктіре алады. Мұнан өзге, біздің өнімдеріміздің бағасы тұтынушылар үшін қолжетімді, өзге шетелдік өнімдерге қарағанда анағұрлым төмен, - дейді Ділмұхамед Абызов.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі