КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ЖЕРГІЛІКТІ ТАУАРӨНДІРУШІЛЕРДІҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУДА
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы бұдан былай сатып алу процестері барысында отандық тауар өндірушілердің құқығына шектеу келтіріп, техникалық ерекшеліктерді шетелдік өнімдерге сай әзірлейтін мекемелерге қатысты түскен кәсіпкерлердің шағымдарын прокуратура және қаржылық бақылау органдарымен бірге қатаң бақылауға алып, аталмыш тендерлерді өткізуді тоқтату, сондай-ақ кінәлілерді жауапкершілікке тартуға дейін шара қабылдайтын болады.
Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткізілген жергілікті тауарөндірушілердің кездесуінде айтылды.
Кәсіпкерлер палатасының мұндай мәлімдеме жасауына әлі де мемлекеттік органдар тарапынан жергілікті тауарөндірушілерге басымдық берілмей отырғандығы себеп болуда.
Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов: «Отандық тауарөндірушілерге қолдау көрсету – қазіргі заман талабы екендігі баршамызға аян. Бұл ретте Ел Үкіметі, облыс әкімдігі тарапынан да жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Атап айтқанда, осы жылдың 15 сәуірінде отандық тауарөндірушілерге қолдау көрсету мақсатында аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлының қолдауымен облыста арнайы жұмыс комиссиясы құрылды. Біздің Кәсіпкерлер палатасының мамандары жыл басынан бері облыстағы 186 мемлекеттік мекеменің сатып алу процесіне қатысты талдау жұмыстарын жүргізіп келген болатын. Қазір қолда бар мәлімет бойынша бұл 186 мемлекеттік мекемемен барлығы 10 млрд.397 млн.теңгеге сатып алу процесі жүргізілген. Олардың ішінде 4 млрд.935 млн.теңгеге қызмет, жұмыс немесе тауар отандық тауарөндірушілерден алынған. Бір қарағанда статистика жаман емес. Жалпы жарияланған конкурстардың қорытындысымен 40 пайыздан астам отандық тауарөндірушілер жеңімпаз деп танылған. Дегенмен, ар жағындағы 60 пайызда неге біздің тауарөндірушілеріміздің үлесі жоқ деген заңды сауал туындауда. Осы ретте, біз қазір мемлекеттік органдардың сатып алу процестерінің ұйымдастырылу барысына мониторинг жүргізудеміз», - дейді.
Жаңа оқу жылы қарсаңында Кәсіпкерлер палатасы облыста оқушылардың оқу киімдерін тігетін тігіншілер мен жиһаз әзірлеушілердің көрмесін ұйымдастыру бағытында жұмыс жасауда. Шара тамыз айының екінші онкүндігіне дейін өткізіледі деп жоспарлануда.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі