КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ МАМАНДАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН КӨТЕРЕДІ
Мемлекеттік «Агробизнес - 2020» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі - ауылшаруашылық тауарөндірушілерін ғылыми-техникалық және инновациялық жетістіктер нәтижесімен тікелей таныстыру мақсатында, сондай-ақ алдыңғы қатарлы технология өнімдерін ауылшаруашылық саласына енгізу үшін арнайы білім беретін жүйені құру.
«Атамекен» ҚР ҰКП өз қызметінде ауылшаруашылық кешенінде де білім беру жүйесін тиімді дамытуға бағытталған мемлекеттік тапсырманы да жүргізу құқығына ие болып отыр.
Бүгінгі күні «Атамекен» ҚР ҰКП жанында Агроқұзыр орталығы құрылды. Агроқұзыр орталығы ауылшаруашылық субъектілерін ақпараттық-кеңес беру қызметімен қамтамасыз етіп, ауылшаруашылық нарығына талдау зерттеулерін жасауда. Ол үшін ауылшаруашылық субъектілеріне тәжірибелік кеңес беру үшін отандық және шетелдік сарапшылар мен мамандар шақырылып отыр.
Егін шаруашылығы саласында «Күріш» бағытында ресейлік сарапшы В.С.Ковалев, «Мал азықтық дақылдар» бағытында сербиялық сарапшы Джура Каражик, «Ашық және жабық топырақта көкөніс және бақша дақылдарын өсіру» бағытында ресейлік сарапшы С.С.Конин және АҚШ-тан Philipp W Simon; мал шаруашылығы саласында «Түйе шаруашылығы» бағытында франциялық сарапшы Б.Файе, «Жылқы шаруашылығы» бағытында ресейлік сарапшы А.М.Зайцев, «Мал бордақылау алаңдары» бағытында ресейлік сарапшы А.М.Белобородовтар қатысады.
Облыс бойынша барлығы 34 семинар өткізу көзделіп отыр.
Жоғарыда аталған семинарларға қатысуға қызығушылық танытқан жағдайда Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Пірманова Алмаға (байланыс телефоны 40-09-81, ішкі номер 4314) хабарласуға болады.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі