ЖАС КӘСІПКЕР АНАСЫМЕН БІРГЕ НАУБАЙХАНА АШТЫ
«Микробизнес Қызылорда» жобасы ауыл баласына жеке ісін бастауға мүмкіндік берді. Шиелі ауданы Тартоғай ауылының тұрғыны 21 жасар Серікбаев Нағашыбай бала кезден анасына нан өнімдерін әзірлеуге көмектесіп келді.
Бұл туралы анасы Жақаева Қамар: «Нағашыбай бала күнінен маған күнкөріске көмектесіп келеді. Мен нанның қамырын илеп беремін, әрі қарай балам өзі пісіріп ала береді. Ауылда қайда сатамын деген мәселе жоқ. Себебі біздің нан өнімдерімізге сұраныс жоғары. Ұлым мектеп бітірген соң жеке ісін ашқысы келетінін айтты. Кәсіп түрін таңдауда біз көп ойланғанымыз жоқ. Қолымызда бар жер телімімізге шағын наубайхана салып, өзіміз үйренген нан өнімдерін шығару көлемін арттырғымыз келіп отыр. Жобамызға қажетті қаржыны қайдан аламыз деп отырғанда ауылға Кәсіпкерлер палатасының Шиелі аудандық филиалы кеңесшілері келіп, көшпелі түсіндірме шарасын өткізді. Кездесу барысында ауылда кәсіппен айналысқысы келетін ағайынды қолдау мақсатында «Микробизнес Қызылорда» жобасының жүзеге асырылып жатқандығын айтты. Ұлым көп ойланбастан Палата қызметкерлерімен бірге құжаттарды әзірлеп, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығына өткізді. Нәтижесінде жобамыз бақылау кеңесінде қолдау тауып, 3 млн.теңге несиеге қол жеткіздік», - дейді.
Аталмыш қаржыға Нағашыбай мен анасы ауылдан наубайханалық ғимарат салып, қажетті құрал-жабдықтар алды.
«Жастығыма қарамастан сенім білдіріп, ісімді ашуға көмек көрсетіп жатқан мемлекеттік қолдауға алғысымды білдіргім келеді. Өндірген өнімімізді ауылдағы мектепке, сондай-ақ дүкендерге өткізуді жоспарлап отырмыз. Мұнан өзге, аламын деушілер наубайханадан тікелей ала алады», - дейді жас кәсіпкер Нағашыбай.
Бүгінгі күнге дейін «Микробизнес Қызылорда» жобасы арқылы Сыр өңірінде жалпы құны 352,4 млн.теңгені құрайтын 54 жоба қаржыландырылды.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі