ҚЫЗЫЛОРДА КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНАН ПРОКУРОР КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ
Бұл туралы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов «Кәсіпкерлікті қолдау және қорғау саласындағы мәселелер» тақырыбындағы облыстық форумда айтты.
«Палатаның құрылған уақытынанан бері кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, қалпына келтіру мәселесінде басты серіктестік, бірден-бір тетік - прокуратура органдары. Прокуратура органдарымен жұмыс барысындағы тығыз қарым-қатынасты ескере келе, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқығын қорғауда бір терезе қағидасы аясында жұмыс жасау мақсатында Кәсіпкерлер палатасынан арнайы «прокурор кабинетін» аштық», - деген палата басшысы Форум барысында прокуратурамен бірге атқарылған шараларға тоқталып өтті.
Атап айтқанда, 2014 жылы Қызылорда облысы прокуратурасы мен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Меморандум аясында табиғи монополиялар субъектілерінің, сонымен қатар құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары және басқа да жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жоспарлы, сондай-ақ палатаға келіп түскен өтініштер бойынша жоспардан тыс барлығы 20-дан аса бірлескен тексерулер жүргізілген.
Нәтижесінде 200-ден аса кәсіпкердің құқықтары қайта қалпына келтіріліп, прокуратураның ұсынысымен 20-ға жуық лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды.
Жедел әрекет ету нәтижесінде облыстық прокуратурамен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз тексеру фактілері бойынша 30-дан аса мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының жоспарланған тексерулерінің күші жойылған.
Осылайша палатаның қызметі барысында кәсіпкерлерден келіп түскен 400-ге жуық өтініштердің 60-тан аса пайызы прокуратура органдарының араласуымен оң шешімін тапты.
Сондай-ақ республика бойынша алғашқы облыстардың бірі болып облыстық прокуратурамен Жалған кәсіпорындарға қарсы салааралық штаб құрылып, келісімшарт жасаушы агенттер (контрагент) адал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша нақты, мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
Мұнымен қоса облыстық прокуратурамен кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда Whats App мобильдік қосымшасы арқылы да шағымдарды қабылдау мүмкіндігі, ЕРСОП ақпараттық жүйесін енгізу сиякты көптеген әлеуметтік маңызы бар жұмыстар атқарылуда.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі