АУДАНДАРДАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов облысқа қарасты барлық аудандағы кәсіпкерлер кеңесінің отырысына қатысып, кәсіпкерлердің өзекті мәселелерімен танысты.
Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлерді және олардың бастамаларын қолдау мақсатында барлық 7 ауданда аудандық кәсіпкерлер кеңестері құрылып, жұмыс жасауда. Аталмыш кеңес құрамына 10, 12 кәсіпкерден енгізілген, төрағалары кәсіпкерлерден сайланған.
Аудан кәсіпкерлері палата директорымен кездесу барысында екінші деңгейлі банктермен берілетін несиелердің қол жетімсіздігін, пайызының жоғарылығын, ауылдық елді мекенде кепілге қойылатын жылжымайтын мүлікті тым арзан бағалайтынын, тіпті алмайтынын, кейбір кәсіпкерлікті қаржыландыратын ұйымдардың жобаларды несиелендіруге таңдау барысында жариялылықтың жоқтығын жеткізді.
Өз кезегінде кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерімен көтерілген барлық мәселелерді жинақтап, іс-шаралар жоспарын әзірлеуде. Аталмыш жоспарда кәсіпкерлердің мәселесі екі деңгейде қарастырылмақ: жергілікті деңгейде шешілетін мәселелерге қатысты өңірдегі атқарушы органдармен шаралар қабылданса, республикалық деңгейдегі мәселелер «Атамекен» ҰКП арқылы орталық мемлекеттік органдарда талқыланатын болады.
Аудандардағы сапарларға қатысты кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов: «Аудандарда іс-сапармен болғанда кәсіпкерлермен енді қолға алынған жаңа жобалармен, сондай-ақ жұмысы жолға қойылған жобаларды да көріп, танысып шықтым. Аудан, ауыл тұрғындары жылы қабылдаған, әрі жалғасын табуын күтіп отырған жоба – «Микробизнес Қызылорда» жобасы. Бизнес өкілдері аталмыш бағдарламаның ауыл кәсіпкерлігіне тың серпіліс бергенін жеткізіп, «Атамекен» мен облыс басшылығына алғыстарын жеткізуде. Сондықтан да біз алдағы уақытта да бұл бағдарламаның жалғасын табуы үшін тиісті шараларды қабылдайтын боламыз», - дейді.
Палата басшысы аудандарға сапар барысында индустриалдық зоналардың да жұмысымен танысты. Индустриалды зоналарға деген кәсіпкерлердің қызығушылығын арттыру үшін аталмыш алаңдарда тиімді ұйымдастыру шараларының жетіспей тұрғандығына баса назар аударған кәсіпкерлер палатасы бүгінде облыстық әкімдікпен бірге индустриалды зоналарға жауап беретін арнайы мекеме құру мәселесін қарастыруда.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі