КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІН МАРАПАТТАДЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов БАҚ өкілдерімен кездесіп, төл мерекесімен құттықтады.
«Күнделікті тірлікте «төртінші билік» саналатын журналистер қауымының тәуелсіз Қазақстанның белсенді дамуы жолында жасаған ерен еңбектерін бүгінгі кәсіби мерекелеріңізде ерекше бағалап, құрметпен атап өтеміз», - деген Палата басшысы: «Бүгінгі мереке - тек Сіздердің еңбектеріңізге сый - құрмет көрсетілетін, ұшқыр қиялдарыңыздың жемісін ұлықтайтын күн. Өздеріңіз де білесіздер, қазір елімізде кәсіпкерлікке көзқарас түбегейлі өзгерді. Бұған Мемлекет басшысының қолдауымен бизнес пен биліктің тиімді әріптестігі негізінде кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру мақсатында құрылған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы айқын дәлел. Осы істің басы-қасында құрылған сәттен бастап өздеріңіз жүрсіздер. Сіздердің ақпаратты жан-жақты жеткізгендіктеріңіздің арқасында аймақ, тіпті республика жұртшылығы да Палата жұмысынан хабардар. Алдағы уақытта да Өздеріңізбен бірге табысты кәсіпкерлер туралы материалдармен бірге бизнесті ашу, жүргізу тәсілдері, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жасаймыз деген сенімдемін», - деп қорытындылай келе биыл 25 жылдығын атап өтіп жатқан облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы басшысы мен телеарнадағы «Бизнес-бағдар» бағдарламасының редакторы Гүлшара Башарова «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтің «Алғыс хатын табыс өтті, өзге республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерін Палатаныңғ алғыс хаттарымен марапаттады.
Айта кету керек, Қызылорда облысының аумағында 80-нен астам БАҚ тіркелсе, республикалық БАҚ өкілдерінің 10-нан астам журналистік қосыны жұмыс жасайды. Осы ретте, Кәсіпкерлер палатасы бүгінгі күнге дейін аталмыш БАҚ өкілдерінің 30-дан астамымен тұрақты әріптестік байланыс орнатқан.
2015 жылы республикалық және жергілікті БАҚ-да Кәсіпкерлер палатасы туралы барлығы 1349 материал жарық көрсе, 2016 жылдың 5 айында барлығы 457 материал жарияланды. Оның 298-і интернет-ресурстарында, 117-сі газеттерде, 42-сі телеарнада жарық көрді.
Сондай-ақ, 2015 жылдан бері облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан Кәсіпкерлер палатасының қызметі туралы тұрақты апталық «Бизнес-бағдар» бағдарламасы көрсетіліп келеді.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі