МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС - ЖҰМЫС БЕРУШІГЕ ҚАЖЕТТІ МАМАНДЫҚТАР МЕН БІЛІКТІЛІКТЕР БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛУЫ ТИІС
Бұл туралы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Жанна Сқакова айтты.
«Мектеп бітіруші түлектер арасында кәсіби бағдар беру шараларын жүргізу барысында мына жағдайдың куәсі болдық. Мектеп бітірушілердің 70 пайызға жуығы бастапқыда өз болашағын техникалық және кәсіптік біліммен байланыстырмайды екен, тіпті техникалық және кәсіптік білім алған студенттердің 50 пайызы алған мамандықтары бойынша жұмыс жасаймын деп ойламайтыны белгілі болды. Мұны біз кәсіби бағдар беруге қатысты ақпараттың қолжетімсіздігімен және мамандарды даярлауда нарықтың сұранысы ескерілмеуімен байланыстырамыз. Бұл жерде ескерген жөн, жыл сайын техникалық және кәсіби мамандарды әзірлеуге бюджеттен қыруар қаржы бөлінеді. Кейін сол мамандар кәсібін дұрыс таңдамағанының нәтижесінде «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында қайтадан оқып жатады. Осы жерде айта кететін мәселе, Кәсіпкерлер палатасы екі жылдан бері жергілікті бюджеттен мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру барысында жұмыс берушінің сұранысы негізінде маман даярлауға қатысты нақты ұсыныстар беріп келеді. Нәтижесінде, Палатамен мемлекеттік тапсырыс аясында мұнай-газ саласы бойынша мамандарды дайындауды тоқтатуға қол жеткізілді. Керісінше, біз мемлекеттік тапсырыс арқылы сұранысқа ие электр энергиясы, құрылыс, шыны өндірісіне және өзге де қажетті мамандар мен біліктіліктер даярлауға қаржы бөлу жөнінде ұсыныстар бердік. Ұсыныстарымыз қолдау табуда», - дейді Жанна Сқакова.
Кәсіпкерлер палатасы алдағы уақытта инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында ірі, орта және шағын кәсіпорындарға қажетті мамандардың мәліметтер базасын құруды, кәсіпорындар үшін мамандарды даярлайтын, қайта даярлайтын оқу орталықтарын аштыруды жоспарлауда.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
Кәсіпкерлер палатасы алдағы уақытта инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында ірі, орта және шағын кәсіпорындарға қажетті мамандардың мәліметтер базасын құруды, кәсіпорындар үшін мамандарды даярлайтын, қайта даярлайтын оқу орталықтарын аштыруды жоспарлауда.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі