ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕР ЕРЛАН РАИМОВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ҚОҒАМДАСТЫҒЫН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТТАЛДЫ
«Атамекен» ҰКП Президиумының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев«Атамекен» ҰКП-ның ІІІ Съезінде қызылордалық кәсіпкер, Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшесі Ерлан Раимовты Қазақстанның әлеуметтік дамуына және кәсіпкерлік қоғамдастығының нығаюына қосқан маңызды үлесі, таңдаған ісіне деген адалдығы, кәсібилігі үшін «Құрмет грамотасымен» марапаттады.
Бүгінде аймаққа белгілі табысты кәсіпкер Ерлан Раимов кезінде анасы мен апалары секілді педагог болуды армандап, осы салада жоғары білім алады. Бірақ Кеңес Одағының тарауымен жас маманның өмірлік жоспарлары да өзгереді. Раимовтардың отбасында барлығы жұмыссыз қалып, отбасындағы оныншы – кенже бала ретінде Ерланға ата-анасын қамтамасыз ету қажет болды.
Осылайша педагог боламын деген Ерлан Қаниұлы кәсібін қайта қарап, бизнеске келді. Бірінші кезде орталық алаңда дүңгіршекті жалға алып, сусындар сата бастады. Одан кейін қарызға пайызымен алған ақшаға жақын шетелдерден тауарлар әкеліп сатты. Әрі қарай отбасымен ақылдаса отырып, тәуекелге барды. Бос тұрған бұрынғы АХАЖ (ЗАГС) орталығының ғимаратын жалға алып, жөндеуден өткізді, қажетті құралдарын алып, мейрамхана ашты. Атауын да жұмыс бағытын да ұлттық нақышқа сай таңдады: «Қыз Жібек» ұлттық мейрамханасы.
«Бұл кезең инвестиция салу үшін қиын кезең болатын. Менің таныстарым мен жақындарымның арасында менің бұл бастамамды ессіздік деп қабылдағандары да болды. неге екенін білмеймін, бірақ сол кезде менде өзіме деген сенім болды. Бизнесімнің қалай дамитындығына қатысты нақты жоспарым болды. Мүмкін мұндай сенімді болуыма кәсіпкерлікті жүргізуге қатысты талай кітаптарды оқып, теория жүзінде дайын болғандығым көмегін тигізген болар», - дейді кәсіпкер.
Ерлан Қаниев мейрамхана бизнесіне ештеңе білмей, тәжірибесіз келді. Оған кәсіпкерліктің қыр-сырымен жаңадан танысуға тура келді: маркетинг, тапсырыс берушілерімен жұмыс жасай білу, калькуляция т.б.
Мейрамхана ісінде ең бастысы – қонақтың көңілін табу, осы жерге қайта келуі үшін жағдай жасау. Ол үшін персоналдың кәсіби біліктілігі жоғары болуы керек. Ерлан Раимовтың да ұтқан жері осы. Ол ұдайы қызметкерлерін Біріккен Араб Әмірлігі, Ресей, Германия сынды қызмет көрсету сапасы жақсы дамыған елдерге жіберіп, курстардан өткізеді, біліктілігін ұдайы арттырып отырады. Өзі де шетелдерге барып, мейрамхана ісіне қатысты оң тәжірибелерді алуда. Нәтижесінде бүгінде «Қыз Жібекте» білікті, тату ұжым қалыптасты. Қызметкерлердің кейбіреулері мейрамхана ашылғаннан бері жұмыс жасайды.
Айта кету керек, «Раим» ЖШС-нің директоры Ерлан Қаниұлы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің белсенді мүшесі. Өңірлік кеңес құрылғалы бірде-бір отырысынан қалмай қатысатын бизнесмен әрдайым кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін жеткізіп отырады.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі