«АТАМЕКЕННІҢ» ШАҒЫН НЕСИЕМЕН СҮЙЕМЕЛДЕУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРЫ БІЗ ҮШІН ТАПТЫРМАС МҮМКІНДІК» - БОЛАТ РҮСТЕМОВ, ҚЫЗЫЛОРДА
Астана қаласында өткен «Атамекен» ҰКП-ның ІІІ Съезінде қызылордалық кәсіпкер, «Жамбыл» ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы Болат Рүстемов осылай деді.
«Біздер – өнім өндірушілер алдымызда өнімнің көлемін арттырып, сыртқы нарыққа шығару мақсаты тұрғанын жақсы түсінеміз.
Бұл ретте – кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа түрі – кооперация және шағын несиелендіру бағдарламаларының арқасында бұл мақсатты жүзеге асыру мүмкін болып отыр.
Біздің облысымызда қазір «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы шағын несиелендіру жүйесі жұмыс жасауда. Бұл мақсатқа «Атамекеннен» 300 млн.теңге бөлінгенін біздің аймақтың кәсіпкерлері жақсы біледі.
Бұл мүмкіндікті біздің кооператив те пайдаланып отыр. Өңірлік инвестициялық орталықтың әлеуетін пайдалануға бірнеше фактор себеп болып отыр:
Біріншіден, екінші деңгейлі банктер шағын және орта қожалықтарды, жылдық пайызы 20-23 болса да қаржыландырмайды;
Екіншіден, біз несиені «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында алғымыз келген болатын. Алайда аталмыш бағдарлама аясында тек жұмыссыз азаматтар несие ала алады және берілетін қаржы көлемі 3 млн.теңге ғана. Біз бұл санатқа кірмейді екенбіз. Ал Өңірлік инвестициялық орталықта несиені 15 млн.теңгеге дейін алуға болады.
«ҚазАгроның» несиелері несиелерін алайық десек жиналатын құжаттар көлемі өте көп әрі ұзақ қаралады.
Сондықтан да «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталық сынды қаржы институты бізге «ауадай» қажет. Біз аталмыш орталық арқылы 3 жылға 7 пайызбен 4 млн.теңге алдық. Оның үстіне өзге банктерге қарағанда Орталықта кепіл ретінде ауылдық елді мекендегі мүліктер қабылдана береді. Ал құжаттарға келсек Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы рәсімдеуде жан-жақты көмек көрсетті.
Өздеріңіз де білесіздер, Қызылорда облысы аграрлы өңір. Соның ішінде бір ғана күріш өнімдерімен республиканы қамтуға толық мүмкіндігі бар.
Біздің «Жамбыл» ауыл шаруашылығы кооперативінде 10 мың гектарға жуық жер бар. Оның 900 гектарына әр түрлі өнім егілген, соның ішінде 40 гектар жерге күріштің жаңа сортын енгізудеміз.
Күріштің жаңа сорты «Айсәуленің» ерекшелігі - тұзға төзімді және сапасы жоғары, сосын өнімді жақсы береді.
Жыл сайын әлемде күрішке деген сұраныстың артып келе жатқанын ескерсек, бұл жағдай өзіміздің сапалы өнімімізді Еуразиялық экономикалық одақ нарығына, сондай-ақ әлемдік нарыққа шығаруға жақсы мүмкіндік берері сөзсіз.
Алайда өңірде күріш шаруашылығын жаңа деңгейге жеткізуде айтарлықтай кедергілер де бар.
Біріншіден, дихандарды жақсы техникамен қамту керек;
Екіншіден, біз күріштің сортын жаңалауымыз қажет;
Үшіншіден, сапалы және қолжетімді гербицидтер мен минералды тыңайтқыштар керек.
Бұл проблемаларды шағын және орта деңгейдегі шаруа қожалықтарын біріктіріп, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру арқылы шешуге болады.
Бұл ретте бірлесе отырып, техниканы жаңғыртуға, тұқымның жаңа сорттарын енгізуге, кейбір қажетті құралдарды көтерме бағамен, тіпті бөліп төлеу арқылы да алуға мүмкіндік бар. Оның үстіне алынған өнімді шағын көлемде сатқаннан гөрі, үлкен-үлкен партиямен нарыққа шығару анағұрлым тиімді.
Осы орайда, «Атамекеннің» ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға атсалысып қана қоймай, шағын несиемен сүйемелдеу бағытындағы жұмыстары біз үшін таптырмас мүмкіндік болып отыр және осындай қолдау түрлерінің еліміздегі шағын бизнесті алға сүйрейтініне сенімдімін. Өз атымнан және шағын несиенің шапағатын көріп отырған ауылдағы шаруа ағайынның атынан «Атамекенге» алғысымды жеткізуге рұқсат етіңіздер», - деді.
Айта кету керек, ағымдағы жылы «Атамекен» ҰКП және облыс әкімдігі біріге отырып, «Микробизнес Қызылорда» жобасы аясында ауылды жерлердегі кәсіпкерлікті дамытуға 660 миллион теңге қаржы бөлген болатын. Соның ішінде жалпы құны 441,9 млн.теңгені құрайтын 70 жоба мақұлданды.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі