ҚЫЗЫЛОРДАДА «АЛТЫН САПАНЫҢ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен республикалық «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысушылар үшін оқыту семинары өткізілді.
Семинарды ұйымдастырудағы мақсат – «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысу талаптарын түсіндіру, сондай-ақ қатысушыларды бағалау тәсілдерімен таныстыру болып табылады.
Шараға қатысқан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Салтанат Әбдікәрімова: «Ел Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауын ұйымдастырумен 2015 жылдан бері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы айналысып келеді. Ерекшелігі – үздік кәсіпкерлерді кәсіпкерлік қауымдастығы өздері анықтайды. Бұл ретте қызылордалықтардың да белсенділігі қуантады», - деді.
Айта кету керек, «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы 2006 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Өңірлік байқауда жеңіске жеткендер республикалыққа қатысуға мүмкіндік алады.
Байқауға заңды тұлғалар немесе дара кәсіпкерлер қатыса алады.
«Алтын сапа» сыйлығы бойынша қатысушылар Комиссияға кемiнде үш жыл iшiнде шығарылатын өнiмнiң немесе көрсетiлетiн қызметтiң жоғары сапасын растауға тиiс.
Ұйымдар байқауға мынадай номинациялар бойынша қатысады:
1) "Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын";
2) "Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын";
3) "Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын".
Әр номинация бойынша мынадай:
1) шағын кәсіпкерлік субъектісі;
2) орта кәсіпкерлік субъектісі;
3) ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша сыйлық беріледі.
Ал «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы мынадай үш номинация бойынша жүргізіледі:
1) "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар";
2) "Халық тұтынатын үздік тауарлар";
3) "Үздік азық-түлік тауарлары".
Байқау талаптарымен танысқысы келген кез келген азамат мына нормативтік-құқықтық құжаттарды басшылыққа ала алады:
- «Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N194 Жарлығы;
- «Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі N1167 Қаулысы;
- «Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі №1167 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы №125 қаулысы.
Осы ретте, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы 2016 жылғы 1 шілдеге дейін құжаттарды қабылдайды. Қосымша ақпараттар қажет болса Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 28 үйде орналасқан Кәсіпкерлер палатасының жауапты маманы Гүлдана Таңатоваға жолығуға немесе 8 /7242/ 40 09 81 (ішкі 4311) хабарласуға болады.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі